Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы такси бағасының өте жоғары болуына не әсер етеді

Опубликовано:

Жүргізуші
Жүргізуші. Көрнекі сурет: pexels.com

Таксиге тапсырыс бергенде қазақстандықтар кейде өте жоғары бағаны көреді. Бұған себеп –сұранысқа әсер ететін факторлар, яғни ауа райы және тәулік мезгілі. Бағаның қай кездері арзан болатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Такси діттеген жеріңе жетудің өте ыңғайлы әрі жылдам тәсілі болуы мүмкін. Алайда кейде осындай бір сапар үшін әсіресе ірі қалаларда айтарлықтай соманы төлеуге тура келеді.

Қазақстандағы такси қызметінің құнын тіпті әлемдік стандарттар бойынша да жоғары деп санауға болады – еліміз бірнеше рет ТМД-да баға жөнінен көшбасшы болды.

Дегенмен көп жағдайда такси бағасының жоғары болуының объективті себептері бар екенін ұмытпаған жөн. inDrive жолаушылар тасымалы қызметінің мамандары айтқандай, олар туралы білу сапарда көп нәрсені үнемдеуге көмектеседі.

Баға неліктен жоғары

Сапарды жоспарлау кезінде қазақстандықтар қашықтықты ғана емес, бағаны құрайтын маңызды факторларды ескеруі керек. Бағаға тәулік мезігілі мен ауа райы да қатты әсер етеді.

"Бағалар сұраныс пен ұсыныс деңгейіне байланысты өзгереді: сұраныс төмен кезде сапарлар арзандайды, ал сұраныс жоғары болған кезде қымбаттайды. Бұл динамика тәулік мезгілімен, такси шақырылатын орынмен анықталады Мысалы, ірі сауда орталықтарының жұмыс уақыты бітіп, жабылған кезде, ол жерге такси шақыру қымбат болады. Сондай-ақ түн мезгіліне қарағанда тәуліктің қарбалас кезінде және күн ашық кезге қарағанда қалың қар жауған уақытта такси бағасы жоғары болады", - дейді мамандар бағаның құрылуы жайында.

Такси
Такси белгісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таксимен жүргенде ақшаны қалай үнемдеуге болады

Такси бағасын құратын факторлар туралы білсеңіз, жақсы үнемдеуге болады. Сарапшылар азырақ төлеуге көмектесетін бірнеше кеңес ұсынады:

  • жол жүру уақыты: ақшаны үнемдеу үшін қарбалас уақыттан сәл ертерек немесе кешірек жолға шыққан дұрыс;
  • ауа райы жағдайлары: қарлы немесе жаңбырлы уақытта таксимен жүрмеген дұрыс. Ауа райының қолайсыздығына байланысты баға үнемі жоғары болады;
  • балама іздеу: маршруттың бастапқы және аяқталу нүктесін өзгертуге болады. Мысалы, таксиді ауладан шығып, үйден алысырақ шақыру. Кейде небәрі 50 метр жүрген соң бағаның айтарлықтай төмендегенін байқайсыз;
  • уақытты жоспарлау: сапарыңыз үшін қосымша уақыт бөлгеніңіз дұрыс. Осылайша сіз ақшаңызды үнемдеп қана қоймай, кептеліске түспейсіз.

Қашанда ақша үнемдеудің жолдарын табуға болады. Сонымен қатар қоғамдық көліктерді де ұмытпаңыз. Бұл такси сияқты ыңғайлы болмас, дегенмен сапар құны кез келген қолайсыздықты толығымен өтейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2096195-qazaqstandagy-taksi-bagasynyng-ote-zhogary-boluyna-ne-aser-etedi/

pixel