Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Корея билігі шринкфляция үшін бизнеске айыппұл салатынын хабарлады

Опубликовано:

Корея Республикасының туы
Корея Республикасының туы. Көрнекі сурет: Jason Hosking/Getty Images

Оңтүстік Корея үкіметі өндірушілер кез келген өзгерістер туралы тұтынушыларды хабардар ету керектігін айтып, шринкфляцияға қарсы күрес жариялады. Бұл туралы Financial Times сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оңтүстік Кореяның Әділ сауда комиссиясы кейбір азық-түлік және бірінші қажеттілік тауарларын өндірушілер тұтынушыларды ескертпестен, бағаларды сол күйінде сақтай отырып, тауардың көлемін азайта бастағанын атап өтті. Бұл тәжірибе "шринкфляция" деп аталады – shrink (төмендету) және inflation (инфляция) сөздерінен құралған.

Комиссияның айтуынша, мұндай жосықсыз әрекеттерге барған өндірушілерге айыппұл салынады.

"Бұл шара қарапайым тұтынушылар бағаның жанама өсуінің құрбаны болатын жағдайды болдырмауға бағытталған. Себебі бағалар мен қаптамалар өзгеріссіз қалса, өнім көлемінің немесе санының өзгеруін байқау қиын", - делінген комиссия мәлімдемесінде.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден компаниялардың тауар көлемін қысқартып жатқанын сынаған болатын, ал Францияның қаржы министрі Брюно Ле Мэр мұндай әрекеттерді шринкфляцияның арандатуы және алаяқтық деп атады. Сондай-ақ енді супермаркеттер көлемі азайған тауарларды таңбалауға міндетті болады деп мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2096255-ongtustik-koreia-biligi-shrinkfliatsiia-ushin-bizneske-aiyppul-salatynyn-habarlady/

pixel