Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уоррен Баффет ісін жалғастырушы Грег Абельге қандай жауапкершілік жүктелетінін айтып берді

Опубликовано:

Уоррен Баффет
Уоррен Баффет. Фото: J. Kempin/Getty Images

Уоррен Баффет ісін жалғастырушы Грег Абельдің Berkshire Hathaway конгломератының үлкен акциялар пакетін бақылайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Financial Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Berkshire-дің Омахадағы жыл сайынғы жалпы жиналысында Уоррен Баффет күндердің күнінде компанияны басқаратын кішігірім топтың арасында жауапкершіліктің қалай бөлінетінін айтты. Оның айтуынша, компанияның миллиардтаған долларын бөлу жауапкершілігі Грег Абельге жүктеледі.

"Менің ойымша, жауапкершілік толығымен Грегке жүктелуі тиіс. Бұрын мен басқаша ойлайтын едім, бірақ қазір жауапкершілік толығымен бас директорда болуы керек деген пікірдемін", - деді Баффет.

Ол сондай-ақ тағайындау туралы соңғы шешімді өзі қайтыс болғаннан кейін Berkshire директорлар кеңесі қабылдайтынын айтып, "егер олар басқаша әрекет жасаса, қайтып оралып, оларды қудалауы мүмкін" екенін айтып әзілдеді.

Грег Абель Berkshire қабылдаған көптеген шешімдерде, соның ішінде 2006 жылы PacifiCorp және 2020 жылы Dominion Energy құбыр желісі бизнесінің акцияларын сатып алуда шешуші рөл атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2097242-uorren-baffet-isin-zhalgastyrushy-greg-abelge-qandai-zhauapkershilik-zhukteletinin-aityp-berdi/

pixel