Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша үнемдеуге кедергі келтіретін 7 шығын көзі

Опубликовано:

интернет сауда1
Көрнекі фото: pixabay.com

Сізге керек затты, мысалы, техника немесе киімді бұрыннан бақылап жүріп, оны жеңілдік болған кезде тиімді бағамен сатып алуға болады. Бұл бюджетіңізді үнемдейді, алайда жеңілдікті көріп қалып, қандай да бір затты сол жеңілдік үшін ғана сатып алу дұрыс емес. Мұның соңы жоспарланбаған шығындарға апарып соқтырады, деп жазады Massaget.kz.

Тамақты жеткізу қызметімен алдыру

Азық-түлікті жеткізу қызметімен алдыру жылдам әдетке айналып кетеді. Бастапқыда шынымен де уақытыңыз болмай, жеткізу қызметімен алдыруыңыз мүмкін. Кейін ол әдетке айналып, аса қажет емес заттарды ала бастайсыз. Осылайша, артық ақша жұмсалады.

Жазылымдарды тексермеу

Көпшілік кино мен сериал қарайтын, музыка тыңдайтын немесе кітап оқитын жазылымдарға тіркеледі. Олар бастапқы 1-2 ай тегін пайдаланып, кейін шығып кетемін деп ойлайды. Бірақ бұл уақыт тез өтіп кетеді, оны өздері де байқамай қалады. Кейде жазылымдардың бар екенін ұмыт қалдырып та жатады. Ал ол картаңыздан ай сайын ақша алып тұрады. Сондықтан смартфоныңызды жиі тексеріп, қажет емес жазылымдардан шығыңыз.

Гардеробты жаңарту

Сізге жаңа жемпір керегіне сенімдісіз бе? Гардеробыңызды реттеп, әр киімді қанша рет киетініңізді ойланыңыз. Көп киілмейтін немесе мүлдем киілмеген киімнің бары анық. Әр үш ай сайын гардеробыңызды реттеп тұру артық ақшаны артық жұмсамауға көмектеседі.

Төлемдерді уақытында төлемеу

Мысалы, несиені уақытында төлемесеңіз, оны жоғары пайызбен немесе комиссиясымен төлейсіз. Ал коммуналдық қызметтерді немесе басқа да міндеттерді төлемесеңіз, бір күні қомақты сома беруіңізге тура келеді. Ал ол қалтаңызға қиын соғары анық.

Үйден тамақ дайындамау

Қазіргі таңда тамақты жеткізумен алдыру, бизнес-ланч және өзіңмен бірге кофе алуды сәнді етіп көрсетеді. Алайда бұлар үйден тамақ дайындағаннан гөрі бірнеше есе артық шығындалуыңызға әкеледі. Үйден тамақ пісіріп бастасаңыз, шығындарыңызды бақылай аласыз және дұрыс тамақтанасыз.

Импульсивті сауда жасау

Көңіл күйіңіз болмағандықтан өзіңізді жаңа киіммен немесе аксессуармен қуанту үшін сауда үйіне барасыз ба? Мұндай шығындар жиі бюджетіңізге айтарлықтай әсер етеді. Егер көңіл күйіңіз түссе, серуендеңіз, йога жасаңыз немесе достарыңызға қоңырау шалыңыз. Импульсивті түрде бірдеңе сатып алсаңыз, әдетте ол қажет емес зат болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2097245-aqsha-unemdeuge-kedergi-keltiretin-7-shygyn-kozi/

pixel