Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коллекторлар қорқытқан жағдайда не істеу керек

Опубликовано:

Жұдырығын түйген ер адам
Жұдырығын түйген ер адам. Көрнекі сурет: pexels.com

Коллекторлық агенттіктердің борышкерлерді қорқытуға немесе қысым көрсетуге құқығы жоқ. Егер мұндай жағдай болса, қазақстандықтар тиісті ведомствоға арыз жазуы керек. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Кейде қарыз алушы қарызын төлей алмайтындай жағдайлар болады. Мұндайда банк немесе микроқаржы ұйымы (МҚҰ) проблемалық несиені коллекторларға бере алады.

FinGramota медиа-порталының сарапшыларының айтуынша, борышкер кредитордан берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуды және реттеуді жүзеге асыратын коллекторлық агенттік туралы мәліметтерді алуға, оның талаптарына толық немесе ішінара дауласуға, оның ішінде сотқа жүгінуге құқылы.

Соған қарамастан, қазақстандықтар коллекторлардан жасырынуға тырыспағаны жөн. Ең жақсы шешім – олармен диалог құру. Алайда әділетсіз коллекторлық агенттіктер заңды бұза отырып, қарыздарды мәжбүрлеп алуға тырысады.

Қазақстандықтар коллекторлардың мыналарға құқығы жоқ екенін есте сақтау маңызды:

Казахстанцам, которые контактируют с коллекторами важно помнить, что те не имеют право:

  • коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не осы тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге;
  • коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға;
  • борышкерге, оның өкіліне, үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге;
  • коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;
  • коллекторлық агенттік кредитор болып табылатын жағдайларды қоспағанда, берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;
  • коллекторлық агенттік кредитор болатын жағдайларды қоспағанда, берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;
  • коммерциялық немесе ҚР заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге құқығы жоқ.
Несие төлеу
Несие төлеу. Көрнекі сурет: Doucefleur/Getty Images

Сондай-ақ коллектордың банк шотын жабуға, түгендеу жүргізуге және борышкердің мүлкіне тыйым салуға немесе атқарушылық іс жүргізу шеңберінде бұл мүлікті сатуға құқығы жоқ екенін еске саламыз. Бұл жеке сот орындаушыларының құзыретіне кіреді.

Осылайша, коллекторлық агенттіктерге қатысты проблемалы борышкерлердің құқықтарын қорғайтын елеулі заңнамалық шектеулер бар.

Егер коллекторлар сонда да ережелерді бұзса, қарыз алушы ұйымның заңнаманы сақтауына тексеру жүргізетін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдануға құқылы.

Егер коллектор тарапынан қысым, қорқыту және қорлау фактілері тіркелген болса, онда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Осылайша, қазақстандықтар өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін банктердің және МҚҰ-ның проблемалық кредиттерді коллекторларға беруіне мораторий енгізгісі келетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2098052-kollektorlar-qorqytqan-zhagdaida-ne-isteu-kerek/