Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жұмыссыздар саны күрт өсті

Опубликовано:

Жұмыссыз
Жұмыссыз. Көрнекі фото: Westend61/Getty Images

2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жұмыссыздар саны 1,52 пайызға, яғни 6,8 мың адамға өсті. Елдегі қазіргі жұмыссыздық деңгейі қандай екенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Өткен жыл бойына Қазақстанда жұмыссыз азаматтардың саны біртіндеп төмендеді. Мәселен, 2022 жылдың 4-тоқсанында республикада олардың саны 456,1 мыңнан астам болса, 2023 жылдың басында 453,5 мың адамды құрады, ал 2023 жылдың 4-тоқсанында небәрі 445,9 мың адам болған.

Алайда 2024 жылдың 1-тоқсанында жағдай өзгерді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жұмыссыздар саны 1,52 пайызға, яғни 6,8 мың адамға өсіп, 452,7 мың адамға жеткен.

Дегенмен бұл көрсеткіш әртүрлі жағдайларға байланысты айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, ауылдарға қарағанда қалаларда жұмыссыздар көп – ауылда 170 мың, ал қалада 283 мың.

Әйелдерде де солай – ерлерге (211 мың) қарағанда олардың арасында (242,2 мың) жұмыссыздар әлдеқайда көп. Сонымен қатар нақты жұмыссыздық деңгейі де әртүрлі. Әйелдер арасында ол 5,2 пайызды, ерлер арасында 4,2 пайызды құрады.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі өткен жылы өзгеріссіз болып, 4,7 пайыз деңгейінде қалды.

Қазақстандағы жұмыссыздар саны
Қазақстандағы жұмыссыздар саны. Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы

Айта кетерлігі, жұмыссыз қазақстандықтардың барлығы "өз еркімен" жұмыссыз емес. Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы 44,6 мыңға жуық адам жұмыстан шығарылды, тағы 90,6 мың адам отбасылық себептермен жұмыстан кетуге мәжбүр болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жұмыссыз азаматтардың мемлекет қолдауына үміт артып, жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік жәрдемақы алуына болады.

Сондай-ақ жұмыссыздарға жұмыс табуға көмек те көрсетіледі. Мысалы, тасқыннан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге жұмыссыздарды тарту жоспарланып отыр. Бұл аймақтарға білікті мамандар да, арнайы білімі жоқ жұмысшылар да қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2100116-qazaqstanda-zhumyssyzdar-sany-kurt-osti/