Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан бюджетінің тапшылығы 3,1 трлн теңгеге жетті

Опубликовано:

Ақша және калькулятор
Ақша және калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Палатаның жалпы отырысында мәжіліс депутаттары үкімет пен Жоғарғы аудиторлық палатаның 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Есеп бойынша депутат Татьяна Савельева қысқаша ақпарат берді.

"Үкімет пен Жоғарғы соттың 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері парламенттің қарауына ұсынылды, 2023 жылы ЖІӨ нақты өсімі 5,1 пайыз, бұл — бекітілген әлеуметтік-экономикалық дамуының болжам бойынша 1,1 пайызға жоғары", - деді ол.

Савельеваның айтуынша, республикалық бюджетке түскен салық түсімінің көлемі 12,9 трлн теңге болған. Жоспар бойынша 14,3 трлн теңге болуы керек , яғни салық түсімі 1,4 трлн. теңгеге кем.

"Шығындардың орындалуы жоспардың 99,6 пайызы болса, оның ішінде өңірлерге аударылған трансферттер – 39,4 млрд теңге.

Игерілмеген қаражаттың сомасы бар жинақтарды және республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша үкімет резервінің бөлінбеген сомасын есепке алғанда 73,3 млрд теңге болды.

Бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайыз болды", - деді Савельева.

Мәжіліс комитеті 26 маусымға дейін есеп бойынша қорытынды дайындауға дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2100806-qazaqstan-biudzhetining-tapshylygy-3-1-trln-tenggege-zhetti/