Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ЭЦҚ форматы өзгерді: декларацияны тапсыру үшін қосымшаға қалай кіруге болады

Опубликовано:

Смартфондар
Смартфондар. Көрнекі сурет: pexels.com

Декларацияларды тапсыруға пайдаланылатын EGOV mobile қосымшасына енді жаңа форматтағы ЭЦҚ-мен кіруге болады. Ол үшін оны жаңарту қажет. Бұдан әрі не істеу керектігін KAZ.NUR.KZ материалынан оқып біліңіздер.

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр, оның шеңберінде 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы кіріс декларациясын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады.

Келесі жылдан бастап жүйеге кіргендердің барлығы 270-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны кезеңдерде тапсыруы тиіс. Онда активтердің өзгеруі көрсетіледі.

Сондай-ақ салық есептілігін онлайн режимде әртүрлі тәсілмен тапсыруға болады. Ең жылдам түрі смартфонның көмегімен жүзеге асады. Атап айтқанда, eGov mobile "электрондық үкімет" қосымшасы арқылы.

Естеріңізге сала кетейік, оның көмегімен су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге өтінім беруге, мемлекеттен тегін 10 сотық жерге кезекке тұруға, өзіңе несие ресімдеуге тыйым салуға және басқа да мемлекеттік қызметтерді пайдалануға болады.

Қосымшаға кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Егер қолданыстағы ЭЦҚ болса, оны компьютерден телефонға, мысалы, мессенджер арқылы жүктеп, авторизациялау үшін пайдалануға болады.

Бұған дейін авторизация және қол қою үшін екі сертификатты жүктеу қажет еді.

ЭЦҚ жүктеу
EGov Mobile қосымшасына ЭЦҚ жүктеу. Скриншот: eGov Mobile

Бұл арада ЭЦҚ форматы өзгерді. Естеріңізге сала кетейік, ол қазір бір ғана файлдан тұрады.

Қолтаңбаны қайта шығарудың қажеті жоқ. Бірақ кейбір қазақстандықтар мұны істеп үлгерді және жаңа ЭЦҚ-мен авторизациялау кезінде қиындықтарға тап болд. Себебі жүйе ескі форматтағы екі файлды да талап етті.

Бірақ қазіргі уақытта eGov mobile бұл келеңсіздіктерді жойды. Оны ресми қосымшадағы ресми дүкендер арқылы жаңартуға және қайталап көруге болады.

Ол үшін авторизация кезінде "Менің ЭЦҚ-ды пайдалану" тармағын таңдау керек. Келесі бетте "ГОСТ 2015 ЭЦҚ арқылы кіру" қойындысы пайда болды, оны таңдап, оған тек бір файл мен құпия сөзді қосуға болады.

EGov Mobile қосымшасында авторизация жасау
EGov Mobile қосымшасында авторизация жасау. Скриншот: eGov Mobile

Декларацияны онлайн тапсыру үшін "Қызметтер" бөлімінде "Салықтар мен қаржыны" таңдап, одан әрі "Салық есептілігін қабылдау (250.00-нысанындағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация)" немесе "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00-нысан)"қойындысына өту қажет.

Естеріңізге сала кетейік, декларацияны Қазақстанда тұратын шетелдіктер де тапсырады. Ол үшін оларда ЖСН және ЭЦҚ болуы тиіс. Бірақ декларанттар тізімінен резидент емес тұлғарады шығару жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2101217-qazaqstanda-etsq-formaty-ozgerdi-deklaratsiiany-tapsyru-ushin-qosymshaga-qalai-kiruge-bolady/