Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ауыз су қымбаттады

Опубликовано:

Су құйылған бөтелке
Су құйылған бөтелке. Фото: mikroman6/Getty Images

Қазақстанда алкогольсіз сусындар мен шырын бағасы өсіп жатыр. Дегенмен қарапайым ауыз судың бағасы биыл 18,1 пайызға бәрінен де қатты қымбаттады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Ыстық мезгілде алкогольсіз сусындар, сондай-ақ қарапайым ауыз су немесе минералды су ерекше сұранысқа ие. Алайда биыл шөлін қандырғысы келетін қазақстандықтар бағаның айтарлықтай көтерілуіне дайын болулары керек.

EnergyProm порталының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айындағы қорытындысы бойынша Қазақстанда минералды су, алкогольсіз сусындар, сондай-ақ жеміс-көкөніс шырындары жылына орта есеппен 13,4 пайызға қымбаттады.

Бәрінен де қатты қымбаттаған өңірлер – Батыс Қазақстан (35,1 пайызға), Солтүстік Қазақстан (25,7 пайызға) және Жамбыл (22,2 пайызға) облыстарында өсті. Сондай-ақ Қызылорда (20,4 пайызға) және Маңғыстау (20,2 пайызға) облыстарында айтарлықтай өсім тіркелді.

Алматыда баға бір жылда 13,3 пайызға, Астанада 11,7 пайызға, Шымкентте 4,1 пайызға өсті. Бағаның ең аз өсімі Абай облысында байқалды. Мұнда 3,6 пайызға өскені тіркелді.

Барлық сусынның бірдей қымбаттамағанын ескеріңіздер. Мысалы, ең қымбаттағаны қарапайым ауыз су. Ол 18,1 пайызға өсті. Одан кейін минералды су – 16,8 пайыз. Газдалған алкогольсіз сусындар 14,7 пайызға, газдалмаған сусындар 8,9 пайызға қымбаттады. Жеміс шырындарының бағасы бір жылда 12,1 пайызға, көкөніс шырындарының бағасы 10,2 пайызға өсті.

Естеріңізге сала кетейік, шырын бағасының өсуі өткен жылы да тіркелген болатын.

Сусындардың қымбаттауы
Сусындардың қымбаттауы. Инфографика: energyprom.kz

Бір қызығы, баға әдетте сұраныстың артуы аясында көтеріледі, алайда сарапшылардың пікірінше, қаңтар-ақпан аралығында ішкі нарықта небәрі 429,9 миллион литр сусын сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 13,4 пайызға аз. Бірақ экспорт 471,3 пайызға, яғни 9,5 миллионнан 54,5 миллион литрге дейін өсті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда соңғы бір жылда сусындар ғана емес, басқа да көптеген азық-түлік өнімдерінің бағасы көтерілді. 2024 жылдың сәуір айының соңында елдегі жалпы инфляция 8,7 пайыз болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2101850-qazaqstanda-auyz-su-qymbattady/