Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар зейнетақы алу үшін қай жаста өтініш беру қажет

Опубликовано:

Зейнетақы
Көзілдірік, теңге мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Зейнеткерлікке шыққан қазақстандықтар зейнетақы ала бастайды. Төлемдерді уақытында алу үшін зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда өтініш беруге болады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстанда ерлер 63 жаста, әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Осы жасқа жеткеннен кейін барлық азаматтар мемлекеттік зейнетақыны, сондай-ақ егер жинақтары болса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төлемдерді алуға өтініш бере алады.

Бұл жағдайда зейнетақы азамат өтініш бергеннен кейін ғана түсе бастайды. БЖЗҚ түсіндіргендей, мемлекеттік бюджеттен және жинақ есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХКҚО) бару қажет.

Бұл жағдайда бір ғана өтініш беру керек және бұл жайында ертерек қамданған жөн. Қор қызметкерлері түсіндіргендей, алушы зейнеткерлік жасқа келерден 10 күн бұрын құжаттармен және өтінішпен бірге ХҚКО-ға баруға болады.

Ақша ұстаған қария
Ақша ұстаған қария. Фото: Matthias Balk/picture alliance via Getty Images

Неліктен құжаттарды алдын ала тапсыру керек

Бірінші кезекте қазақстандықтарға төлемдерді алдын ала алуға өтініш беру тиімді екенін түсіну маңызды. Бұл әсіресе мемлекеттік зейнетақыны ресімдеу кезінде өте маңызды, себебі оны тағайындау өтініш берген күннен бастап жүргізіледі.

Бұл дегеніміз, егер сіз құжаттарды тапсыруға кешігіп қалсаңыз, зейнеткерлік жасқа байланысты өзіне жүктелген ақшаны ала алмайсыз. Өткізіп алған айлар үшін мемлекеттік зейнетақы төленбейді.

БЖЗҚ төлемдерімен аса бір қиындықтар жоқ, себебі қор қазақстандықтарға ресми жұмыс кезінде жеке зейнетақы шоттарына түскен жинақтарын төлейді. Алайда шоттағы ақша таусылған кезде қордан аударылатын төлемдер де аяқталады.

Айта кету керек, бұған дейін БЖЗҚ-дан төлемдер алу үшін бөлек жүгіну керек еді. Осыған байланысты қазақстандықтар жинақтары болса да, тек мемлекеттік зейнетақы алған жағдайлар болып, проблема туындады.

Қазір Қордың өзінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты төлемдер ғана ресімделеді. Егер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болса, мұны ресми сайт арқылы да жасауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2102006-qazaqstandyqtar-zeinetaqy-alu-ushin-qai-zhasta-otinish-beru-kerek/