1 маусымнан бастап қазақстандықтарға Грузияға кіру үшін медициналық сақтандыру қажет болады
Жарияланған күні:
Сақтандыру полисінің болуы туралы талап қайтадан бұзылған жағдайда туристке кіруге рұқсат берілмеуі мүмкін.
1 маусымнан бастап жаңартылған туризм туралы Заңға сәйкес Грузияда медициналық сақтандыруға қойылатын ең төменгі талаптарды айқындайтын шетелдік туристердің келуінің жаңа міндетті ережелері қолданыла бастады, деп хабарлайды "Евразия"СК баспасөз қызметі.
Грузия заңнамасында сақтандыру полисінің болмауы елге бірінші рет кіру кезінде рұқсат бермеуге себеп ретінде көрсетілмеген. Көші-қон қызметі немесе шекаралық бақылау айыппұл салуы мүмкін, ал егер қайта бұзу фактісі анықталса, туристке кіруге мүлдем тыйым салынуы мүмкін.
Сақтандыру полисі үшін ең төменгі айыппұл сомасы 300 лари немесе шамамен 50 мың теңгені құрайды. Экстремалды спорт түрлерімен, оның ішінде тау шаңғысы, альпинизм және треккингпен айналысқан кезде айыппұл сомасы 500-ден 1000 лариге дейін немесе 82 мыңнан 164 мың теңгеге дейін болады. Белгіленген мерзімде 30 күнге дейін айыппұл төленбеген жағдайда оның мөлшері екі есеге ұлғаяды. Туристердің медициналық сақтандыру полисіне қойылатын талаптың бұзылуын қайта анықтау айыппұл мөлшерін екі есеге арттырады. Сонымен қатар, төленбеген айыппұлдың болуы елден кетуден бас тартуға негіз бола алады.
Шұғыл медициналық көмек (шұғыл амбулаториялық емдеу) жағдайында сақтандырудың ең төменгі сомасы 5 мың АҚШ долларын/еуроны, стационарлық емдеуге 30 мың АҚШ долларын/еуроны құрауы тиіс. Полис туристің Грузияда болуының барлық мерзіміне, оның ішінде келу және кету күндеріне ресімделеді.
"Грузия қазақстандық туристер арасында ең танымал бағыттардың бірі болып табылады, ол жыл сайын көбірек адамдарды тартады. Туроператор шығушыларды болу уақытына міндетті медициналық сақтандыру туралы, оның ішінде айыппұлдардың мөлшері туралы хабардар етуге міндетті. Алайд біздің азаматтарымыздың көбі, әдетте, туристік агенттіктерді тартпай, Грузияға сапарды өздері ұйымдастырумен айналысады. Заңдарды білмеу жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін, әсіресе осы керемет елге алғаш рет барған кезде", – деп атап өтті "Евразия" СК баспасөз қызметі.
Грузия заңнамасында сақтандырудың электрондық полисін грузин, ағылшын немесе орыс тілдерінде ресімдеуге рұқсат етіледі, артынан оны талап етілген жеріне ұсыну үшін міндетті түрде қағазға басып шығару керек. Туристің қолданыстағы медициналық сақтандыру полисінің болуын көші-қон қызметі Грузияға кірген кезде де, шығу кезінде де тексереді. Сондай-ақ, құжаттарды, оның ішінде сақтандыруды тексеру туристің елде болуы кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Шетелдік туристерде міндетті сақтандыру полисінің болуы туралы заң Грузияда 2024 жылдың басында күшіне енді, бірақ медициналық сақтандырудың жоқтығы үшін айыппұл тек маусым айының басынан басталады.
Грузия Ұлттық туризм әкімшілігінің мәліметтері бойынша, 2023 жылы елге 7 миллионнан астам турист келген, оның 167 мыңнан астамы – Қазақстаннан: Грузияға келушілер саны бойынша елдер арасындағы рейтингте алтыншы орын.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2103599-1-mausymnan-bastap-qazaqstandyqtarga-gruziiaga-kiru-ushin-meditsinalyq-saqtandyru-qazhet-bolady/