Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жақсы өмір сүру үшін табыс қанша болуы керек: еңбек министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Светлана Жақыпова
Светлана Жақыпова. Фото: primeminister.kz

Бүгін XII Қазақстандық еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда Еңбек министрлігінің басшысына Қазақстандағы лайықты жалақы мөлшері туралы сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жақсы өмір сүру үшін еңбек нарығының тұжырымдамасы бекітілуі керек екенін және Қазақстан жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға бет бұрғанын айтып отырмыз. Бүгінде сапалы жұмыс орны бар болғаны 2 млн 100 мың. Біз ең кемі 3 млн 800 мың деген санға қарай ұмтылып отырмыз. Еңбекақы ең төмен жалақыдан кем болмауы керек.

Қандай жұмыс орындары сапалы деп аталады? Бұл әлеуметтік кепілдіктер бар, тұрақты, еңбекақы медианалық жалақыдан төмен емес немесе жоғары, еңбек жағдайы қауіпсіз жұмыс орындары. Бұл барлық жұмыс берушілер жұмыс істеуі керек төрт критерий. Мемлекеттік инспекторлар жұмыстың тікелей осы критерийлер бойынша бағалануын қамтамасыз етуі керек", - деді министр Светлана Жақыпова.

Министрден табыс көлемін нақтылау сұралды. Нақтырақ айтсақ, оған "Қазақстанда жақсы өмір сүру үшін жай ғана ең төменгі жалақыдан жоғары жалақы алу керек деп есептейсіз бе?" деген сұрақ қойылды.

"Міндетті түрде. Ең төменгі жалақы дегеніміз – біліктілігі төмен еңбекке ақы төлеуді қарастыратын ең төменгі еңбекақы стандарты. Яғни адамның ешқандай құзыреті, машығы және білімі жоқ. Ол қандай да бір физикалық жұмысты ғана істеп, соған ақы алады. Сондықтан біз қазір жаңа стандарттарға қарай бет бұрып отырмыз" - деп жауап берді министр.

Еске салсақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге болды. Оның өткен жылмен салыстырғанда өсімі 21,4 пайызға тең.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2109684-qazaqstanda-zhaqsy-omir-suru-ushin-tabys-qansha-boluy-kerek-engbek-ministri-zhauap-berdi/