Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағаш, қоршау, тіркеме: "Евразия" СК ЖКО кезінде көлік жүргізушілері немен жиі соқтығысып қалатынын айтты

Жарияланған күні:

Зақымдалған көлік
Көрнекі фото: depositphotos.com

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі екі немесе одан да көп көліктің қатысуымен болады. Алайда жол апаты кезінде бағана, ағаш, қоршау және басқа да нысандармен соқтығысу жағдайлары жиі кездеседі. "Евразия" сақтандыру компаниясында соңғы уақытта болған осындай оқиғалар туралы айтылды.

Кедергі ағаш

Алматыда Hyundai Elantra жүргізушісі орталық көшелердің бірімен жүріп келе жатып, маневр жасау кезінде дұрыс бұрылмай, салдарынан көлігі жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа барып соқтығысқан. Жол апатынан адамдарға да, көп жылдық өсімдік де зақым келмеген, бұл жерде Hyundai көлігі ғана қатты бүлінген. Сондықтан автокөлікке фирмалық сервисте қымбат жөндеу қажет болды. Абырой болғанда жүргізуші "Евразия"СК КАСКО-да автокөлікті ерікті сақтандыру полисін жасаған. Соның арқасында сақтандыру компаниясы көлік құралына келтірілген залал үшін 9 млн теңгеден астам сақтандыру төлемін төледі.

Зақымдалған көлік
Фото: СК "Евразия"

Жолды бөлгішпен болған жол апаты

Кезекті жол апаты Астана-Щучинск тасжолында болды. Haval M6 көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, көлікті басқаруға ие бола алмай, жолды бөлгішпен соқтығысқан. Жол инфрақұрылымы объектісі өзінің тікелей мақсатын орындады: көлікті тоқтатты және оның қарсы қозғалыс жолағына шығып кетуіне жол бермеді. Бұл жол апатынан да автокөлік қатты бүлінді. "Евразия" СК" АҚ КАСКО ерікті автосақтандыру шеңберінде залалды бағалауды жүзеге асырды және Haval M6 иесіне 8,5 млн теңгеден астам төлем төледі.

Haval M6
Фото: СК "Евразия"

Жартылай тіркемемен ойнама

Алматы-Екатеринбург тасжолында тағы бір ЖКО болды: Mazda C5 автокөлігі жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Жүргізушінің айтуынша, қарсы келе жатқан көлік ағынының жарығы көзін шағылыстырған, салдарынан ол дер кезінде әрекет етуге және маневр жасауға үлгермеген немесе тоқтай алмаған. Тіркеме аздап бүлінген, ал жаңа Omoda C5-ға қымбат жөндеу жұмыстары қажет болды. "Евразия" Сақтандыру компаниясы жүргізушінің кінәсіне қарамастан, КАСКО бағдарламасы бойынша 11,2 млн теңгеден астам мөлшерде төлем жасады.

Omoda C5
Фото: СК "Евразия"

Міндетті автосақтандыру ЖКО кінәлі тұлғаның көлігін қорғамайтынын есте ұстаған жөн. Сақтандыру төлемін КАСКО ерікті сақтандыру полисі болған жағдайда ғана алуға болады. Сақтандыру арқылы өтеудің болуы әсіресе жаңа көлік сатып алған жағдайда өте маңызды, өйткені өндірушінің кепілдігін сақтау үшін фирмалық автокөлік сервисінде жөндеу құны қомақты сомаға түсуі мүмкін. Алайда пайдаланылған автомобильдер үшін де соңғы жылдары КАСКО полисі, бөлшектердің құнының айтарлықтай өсуіне байланысты, маңызды болып табылады.

"Евразия" Сақтандыру компаниясының кеңселерінде немесе eurasia36.kz сайтында SmartCASCO бағдарламасы бойынша полисті 50% жеңілдікпен ресімдеуге, шарттарды таңдап, құнын есептеуге болады. 11 айға дейін бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігі бар.

ЖКО барысында алынған залалдан басқа, сақтандырылған автомобиль иесінің кінәсіне қарамастан, КАСКО дүлей апаттар мен үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері нәтижесінде алынған залалды өтейді.

"Евразия" Сақтандыру компаниясы КАСКО бағдарламасы бойынша төлемдерді тек ЖКО себебінен ғана емес, бұршақтың ұруы салдарынан, су тасқыны мен басқа да табиғи апаттардан кейін үнемі жүзеге асырады.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2111295-agash-qorshau-tirkeme-evraziia-sk-zhko-kezinde-kolik-zhurgizushileri-nemen-zhii-soqtygysyp-qalatynyn-aitty/