Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда былтырмен салыстырғанда азық-түлік қаншалықты арзандаған

Опубликовано:

Ақша мен картоп
Ақша мен картоп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құны бір жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда биыл шамамен 0,8 пайыз төмен. Мәселен, пияз бен қырыққабат бағасы айтарлықтай төмендеді. Азық-түліктің тағы қандай түрлері арзандағанын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Мамырдың соңында азық-түлік бағасы бірнеше жыл ішінде алғаш рет айына 0,2 пайыз төмендегені байқалды.

Мәселен, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 28 мамыр мен 4 маусым аралығында әлеуметтік маңызы бар өнімдер 0,1 пайыз, ал жылдық көрсеткіш бойынша 0,8 пайыз арзандаған.

Бір апта ішінде қырыққабат 9,7 пайыз арзандады. Елде орташа есеппен қырыққабаттың бір килосы шамамен 116 теңге тұрады. Ал картоп бағасы кейінгі аптада 174 теңгеге дейін, яғни 4,4 пайыз өскен. Қалған азық-түлік тауарларының бағасы 0,1-0,2 пайыз аралығында аздап төмендегенін немесе жоғарылағанын байқауға болады.

Бір жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда, пияз 41,6 пайыз арзандаған екен. Одан кейін қарақұмық – 37,1 пайыз, күнбағыс майы – 23 пайыз, ақ қырыққабат 20 пайыз арзандаған.

4 маусымдағы мәлімет бойынша бұл тауарлардың орташа бағасы мынадай:

  • пияз – 116 теңге;
  • қарақұмық – 238 теңге;
  • күнбағыс майы – 632 теңге;
  • қырыққабат – 116 теңге.

Қазір Қазақстанда күріш бір жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда әлдеқайда қымбат, яғни 14,9 пайыз көтерілген: орташа есеппен күріштің 1 килограмы 490 теңге тұрады.

Тауық саны да айтарлықтай (килограмы 1341 теңге, 10,1 пайыз) қымбаттаған. Ал сәбіз бағасы шамамен 195 теңгеге (11,6 пайыз), бірінші санаттағы жұмыртқа 504 теңгеге (7,9 пайыз) дейін көтерілген.

Мамырда тіркелген азық-түлік дефляциясына қарамастан, елдегі күнкөріс деңгейі айына 0,6 пайызға өскен. Бұл кей тауарлар мен қызметтердің қымбаттағанын көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2113698-qazaqstanda-otken-zhylmen-salystyrganda-azyq-tulik-qanshalyqty-arzandagan/