Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шағын несие алатын қазақстандықтардың жиынтық портреті жасалды

Опубликовано:

Шағын несие
Көрнекі фото: depositphotos.com

Бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысының орынбасары Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының орташа қарыз алушысы кім екенін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Микроқаржы ұйымдары негізінен банк филиалдары жоқ шалғай аймақтарда шоғырланған, сондықтан орташа МҚҰ қарыз алушысы Қазақстан облыстарының тұрғыны саналады.

Қазір шағын несиелердің басым бөлігі бизнеске беріледі. Егер осыдан 3-4 жыл бұрын МҚҰ несиелерін негізінен жеке тұлғалар тұтынушылық мақсатта алса, қазір олардың басым бөлігі бизнеске беріледі.

Қайталап айтамын, орташа статистикалық портрет – аймақтардың тұрғыны, ал несие негізінен елдің шалғай аумақтарында бизнесті дамыту үшін беріледі. Біздің шараларымыз бұдан әрі МҚҰ-ны өңірлерде микробизнесті дамыту мақсатында шағын несие беруге ынталандыруға бағытталады", - деді ҚНРДА басшысының орынбасары Олжас Қизатов.

ҚНРДА департаментінің директоры Нұржан Бидайбек тұтынушылық шағын несиелер бойынша орташа шот 60-70 мың теңге екенін, бизнес несиесі орта есеппен 1-2 миллион теңгеге жетуі мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2113977-shagyn-nesie-alatyn-qazaqstandyqtardyng-zhiyntyq-portreti-zhasaldy/