Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

115 мың теңгеге сызат: "Евразия" СК маманы аулада тұрған автомобиль неден зардап шегуі мүмкін екенін айтты

Жарияланған күні:

Сызат
Көрнекі фото: depositphotos.com

Көршілер арасындағы көппәтерлі үйдің ауласындағы тұраққа қатысты дау-дамайдан кейін олардың көлігі қаншалықты жиі зардап шегеді? Қалай болғанда да, мұндай кикілжіңнен соң мүліктің қасақана бүлінгені жайлы естіп жатамыз.

"Евразия" сақтандыру компаниясының маманы жеке бас араздығы немесе жай ғана бұзақылық ниетімен үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеті салдарынан автомобильдерге зиян келтіру оқиғалары туралы айтып берді.

Алматының шет аудандарының бірінде тұратын автокөлік иесі таңертең жұмысқа шығып бара жатып, жақында салоннан сатып алынған Changan Uni-K көлігінде сызат пайда болғанын байқады. Кештен бастап көлік көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында тұрған. Оқиға орнына шақырылған полицейлер жәбірленушінің арызын қабылдады, бірақ кейіннен кінәлі адамды анықтау мүмкін болмады.

Сызат бұзақылық ниетпен әдеттегі кілтпен жасалған болуы керек. Сызат салыстырмалы түрде көзге көрінер-көрінбес болғанымен, артқы есік пен қанатты бояуға туға келді. КАСКО полисі болғандықтан, "Евразия" сақтандыру компаниясы көлік иесіне 115 мың теңге көлемінде төлем жасады.

Көліктегі сызат
Фото: СК "Евразия"

"Кез келген көлік құралы үшін басты қауіп жол-көлік оқиғасына қатысу салдарынан келтірілген залал болып есептеледі. КАСКО автосақтандыру шеңберінде біз сондай-ақ табиғи апаттар, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері және басқа да осыған ұқсас жағдайлар салдарынан автокөліктің зақымданғаны туралы мәлімдемелер аламыз. Біздің статистика бойынша, КАСКО шеңберіндегі барлық төлемдердің шамамен 8-10 пайызы ЖКО салдарынан болған залалға байланысты емес", - дейді"Евразия" СК баспасөз қызметі.

Осындай жағдай Алматының басқа шет ауданында да болды. Hyundai Elantra көлігінің иесі де көлікті үйінің ауласына қойып, таңертең оның артқы қанаттарында екі кішкене майысқан жерлерді байқаған.

Жәбірленуші бұрын болған тұрмыстық жанжал туралы хабарлады, бірақ полиция қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық құрамын көрмеді. Соған қарамастан, "Евразия" СК КАСКО бағдарламасы бойынша сақтандырылған автокөліктің иесіне шамамен 120 мың теңге төледі.

Көліктегі ойықтар
Фото: СК "Евразия"

Бұден бөлек, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттеріне бұзу, айдап әкету, оңай алынатын бөлшектер мен қосалқы бөлшектерді ұрлау, бұзақылық ниетпен мүлікке қасақана зиян келтіру, вандализм, өртеу жатады.

Бұған дейін қаңғыған иттердің көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында тұрған автокөлікке жарты миллион теңгеден астам шығын келтіргенін жазған едік. Көлік иесі полицияға жүгінуге мәжбүр болды, ал жөндеуге байланысты қаржылық шығындардан оны КАСКО полисі қорғап қалды.

Сондай-ақ көлік құралдарына табиғи зілзалалар да айтарлықтай залал келтіреді: автомобиль бұршақтан зардап шегуі мүмкін, дауылды желдің екіпіні бұтақтардың немесе шатыр сынықтарының құлауына себеп болады, ал соңғы су тасқыны аймағында бірнеше ондаған машина су астында қалды.

eurasia36.kz сайтында немесе "Евразия" СК кеңселерінде 50 пайыз жеңілдікпен SmartCasco бағдарламасы бойынша өз бетінше полистің шарттарын таңдап, бағасын есептеуге және ресімдеуге болады. 11 айға дейін бөлеп төлеу қолжетімді.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2114877-115-myng-tenggege-syzat-evraziia-sk-mamany-aulada-turgan-avtomobil-neden-zardap-shegui-mumkin-ekenin-aitty/