Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шенген қымбаттады: Еуропаға баруға арналған визаның құны қанша теңгеге өсті

Опубликовано:

Шенген визасы
Шенген визасы. Көрнекі фото: barisonal / Getty Images

Еурокомиссияның шешіміне сәйкес, С үлгісіндегі қысқамерзімді Шенген визасын алу құны ересектер мен 6 жастан асқан балалар үшін 12 пайызға өсті. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Шенген визасының құнын көтеру туралы шешімді Еурокомиссия 2024 жылдың мамырында қабылдаған.

Шешім күшіне енді. Шешім негізіген C үлгісіндегі визаға қатысты қабылданған. Бұл виза түрі әдетте саяхатқа және қысқамерзімді жұмыс сапарлары үшін беріледі.

Виза бірнеше күннен бастап бірнеше жылға дейін жарамды болуы мүмкін. Оның бағасы қазір 12 пайызға өсті.

Айта кетейік, әлемде визасыз кіруге болатын елдер де бар.

Визаның құны қанша

Енді 2024 жылғы 11 маусымнан бастап қысқамерзімді Шенген визасын алу үшін 12 жастан асқан қазақстандықтар 90 еуро төлеуге тиіс (мақала жазылған кездегі бағам көрсеткішіне сәйкес, бұл 43 374 теңгеге тең).

Алты жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін бір адамға арналған виза 45 еуро тұрады. Ал алты жасқа дейінгі балаларға виза тегін беріледі.

SchengenVisaInfo сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Шенген аймағы дегеніміз – ортақ шекаралардағы төлқұжат пен иммиграциялық бақылауды алып тастау туралы шешім қабылдаған 29 Еуропа елдерінен құрылған ұйым.

Шенген аймағындағы 29 еуропалық елдің азаматтары ұйым мүшесі болып саналатын елдерге еркін саяхаттай алады.

Шенген аймағына кіретін елдер: Австрия, Бельгия, Болгария, Чехия, Хорватия, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Грекия, Венгрия, Исландия, Италия, Латвия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия , Румыния, Словакия, Словения, Испания, Швеция, Швейцария.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2115432-shengen-qymbattady-europaga-baruga-arnalgan-vizanyng-quny-qansha-boldy/