Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк басшысы Мәскеу биржасына енгізілген санкциялар Қазақстанға қалай әсер ететінін түсіндірді

Опубликовано:

KASE логотипі бейнеленген жалаулар
KASE логотипі бейнеленген жалаулар. Көрнекі фото: kase.kz

Ұлттық банк басшысы сенат кулуарынды Мәскеу қор биржасына салынған санкця KASE қызметіне қалай әсер ететінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Ресей 2022 жылдан бері санкияларға ілігіп келе жатқанын еске салып өтті.

"KASE үшін қандай да бір өзгерістерді болжап отырған жоқпыз. (...) Өздеріңіз білетіндей, санкция 50 не одан да жоғары көлемге салынады.

Біз халықаралық одақтастарымызбен кеңесе отырып, әртүрлі нұсқаларды талқылап, жағдайды жіті бақылап отырмыз. Жоқ, олардың ұзақ уақыт бойы санкцияда болғанын негізге ала отырып, біз Ресейден (рубльдің жылыстауын неме ағылып келуін – ред. ескертпесі) күтіп отырған жоқпыз.

Оларда "рубль-доллар" жұбы сатылатын биржадан басқа әртүрлі платформалар бар. Олар қазір біздің түсінуімізше, осы балама алаңдарға көшіп жатыр, сондықтан бізге айтарлықтай әсер етпейді", - деп түсіндірді ол.

Сүлейменовтің айтуынша, Ресей мен Мәскеудегі ақша айырбастау пункттерінде доллардың бағасы 200 рубль деңгейіне дейін көтерілген. Бірақ бұл жағдай ештеңе айқын болмай тұрған сәттегі жағдай болып отыр.

"Биржа деген – алаң, рубль, теңге немесе басқа валюта бағамына негізгі факторлар әсер етеді – экономика қандай, төлем балансы қандай. Бірақ, қазір көріп отырғанымыздай, бұл өзгерген жоқ", - деді ол.

АҚШ Қорғаныс министрлігі сәрсенбіде санкциялар тізіміне қосқаннан кейін Мәскеу биржасы (MOEX) доллар мен еуроның саудасын тоқтататынын хабарлады.

Бұл ретте KASE мамандары мәлімдеме жасап, шектеулер биржа мен KASE-нің клиринг орталығының қызметіне ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді. Бұған қоса биржа штаттық режимде және стандартты ережелерге сәйкес жұмысын жалғастырып жатқаны айтылды.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2116755-ulttyq-bank-basshysy-maskeu-birzhasyna-engizilgen-sanktsiialar-qazaqstanga-qalai-aser-etetinin-tusindirdi/