Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жастарға жалға алған пәтерлерін сатып алу құқығы беріле ме: вице-министр жауап берді

Жарияланған күні:

Ғимарат
Тұрғын үй. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс депутаттары тарапынан жолданған жұмыс істейтін жастарға жалға алған пәтерлерін сатып алу құқығы беріле ме деген сауалға премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жауап берді. Вице-министр әзірге үкімет жастарға жалға берілетін пәтерлерді сатып алу құқығын беру мәселесін қарастырмайтынын айтты, деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Агенттік мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың сөзінше, 2019 жылдан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер беру тетігі жұмыс істейтінін айтты.

"Механизмнің мақсаты – жастарға тұрғын үй сатып алуға қаражат жинауға мүмкіндік беру және оларды қаражатты ұқыпты жинауға ынталандыру. Сондай-ақ, жалға алушылардың жиі ауысуы және жаңа жалға берілетін пәтерлер салу есебінен бұл тетік тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың барынша көп санын қамтуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн", - деді вице-премьер.

Оның айтуынша, осы тетікті одан әрі іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға аталған қалаларда қосымша 9 мың жалға берілетін пәтер (жыл сайын 3 мың пәтер) сатып алу үшін жергілікті бюджеттерден 96,9 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу жоспарланған.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы кезеңде үкімет жастарға жалға берілетін пәтерлерді сатып алу құқығын беру мәселесін қарастырылмайды", - деді Қанат Бозымбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2117049-zhastarga-zhalga-algan-paterlerin-satyp-alu-quqygy-berile-me-vitse-ministr-zhauap-berdi/