Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасы банк" өкілі жаңа бағдарлама бойынша баспаналы болғысы келетіндерді асықпауға шақырды

Опубликовано:

Ақша және баспана
Ақша және баспана. Көрнекі сурет: Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Отбасы банк" АҚ филиалының басқарушы директоры Жансұлтан Матай жаңа "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттарды қалай дұрыс тапсыру керегін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жансұлтан Матай жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша қазақстандықтар өтінім беруге әлі үлгеретінін айтты.

"Асығыстыққа жол бермеу үшін "Отбасы банкінде" өтінімдерді қабылдау мерзімі әлеуетті қатысушылар үшін барынша қолайлы болды: бұл үшін оларға тағы бір жарым ай уақыт бар, яғни маусымның соңына дейін өтінімдерді қабылданады. Сондықтан асығыстық танытпай, құжаттарыңызды ретке келтіруге, барлығының сәйкестігін тексеруге кеңес береміз", - деді ол.

Оның айтуынша, өтініштер аяқталғаннан кейін ғана қорытынды шығарылады.

"Өтінімдердің берілген уақыты маңызды рөл ойнамайды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни қатысушылардың өтінімдері жинаған ең жоғары ұпайға сәйкес қаралады", - деді ол.

Қандай ұпайлар беріледі:

  • депозит бойынша сыйақы мөлшері әрбір 1000 теңге үшін – 1 ұпай;
  • тіркелген некенің болуы – 5 балл;
  • балалардың болуы – 10 балл (балалар санына қарамастан);
  • халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары мәртебесiнiң болуы (СӨЖ) – 10 балл;
  • жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда) – 5 балл;

"Егер ұпайлар саны сәйкес келсе, онда салым сомасы көбірек және жинақтау мерзімі ұзағырақ болса, тізімге енгізуге басымдық беріледі. "Наурыз" бағдарламасына қатысуға үміткерлер, атап айтқанда, қатысушылар тізімі шығады. Егер бағдарламаға қатысушы несие алуға рұқсат берілген екі ай уақыт беріледі. Сондай-ақ баспана табуға 6 ай уақыт беріледі", - деді Жансұлтан Матай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099555-otbasy-bank-okili-zhanga-bagdarlama-boiynsha-baspanaly-bolgysy-keletinderdi-asyqpauga-shaqyrdy/