Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы қалай өсіп отырады

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандағы көп балалы отбасына берілетін ең төменгі жәрдемақы – 59 183 теңге. Әр бала дүниеге келген сайын ол 15 мың теңгеге дейін өсіп отырады. Нақты сандармен KAZ.NUR.KZ тілшілері танысты.

Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын қазақстандық отбасыларға бөлек мемлекеттік жәрдемақы алуға болады.

Ол ата-анасының табысына немесе басқа төлемдерді алуына қарамастан тағайындалады. Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы тек отбасындағы балалардың санына байланысты және айлық есептік көрсеткіште (АЕК) тағайындалады.

Осыған байланысты ол жыл сайын өсіп келеді. 2024 жылы өсім 7 пайыз болды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдегендей, 2024 жылы бұл төлемдердің ай сайынғы мөлшері:

  • төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • бес балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • алты балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • сегіз және одан да көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға айына 14 768 теңге.

Осылайша, әр бала дүниеге келген сайын көп балалы отбасының жәрдемақысы 15 мың теңгеге дейін өсіп отырады. Сәйкесінше, балалар кәмелеттік жасқа жеткенде немесе университетті бітіргенде де дәл осындай мөлшерде төмендейді. Дегенмен жәрдемақы мөлшері олардың санымен шектелмейді.

Сондай-ақ Еңбек министрлігі 2024 жылдың басынан бері көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар жалпы сомасы 196,2 млрд теңгеге орта есеппен 582,4 мың отбасын қамтығанын хабарлады. Оның ішінде мамыр айында жалпы сомасы 40 млрд теңгеге 592,6 мың отбасы жәрдемақы алды.

Ағымдағы жылы жәрдемақыға мемлекеттік бюджеттен 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Көп балалы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы өте төмен болуы мүмкін екенін атап өтеміз. Бұл жағдайда отбасы атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) қосымша өтініш беруге құқылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2119773-qazaqstanda-kop-balaly-otbasynyng-zhardemaqysy-qalai-osip-otyrady/