Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан және басқа ТМД елдерінің такси жүргізушілері қанша табыс табады

Опубликовано:

Такси
Такси. Көрнекі сурет: pixabay.com

Такси қызметтері ыңғайлылығына байланысты ірі қалаларда танымал. Сонымен қатар осы салада жұмыс істеуге ұмтылатын азаматтардың саны да артып келеді. Олардың қанша табыс алатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқып біліңіздер.

Қазақстандағы такси қызметінің құны ТМД елдері арасында ең жоғарылардың бірі болып отыр. Сонымен қатар қызмет түрі енді-енді танымал болып келеді.

Economy.kz сарапшыларының мәліметінше, 2020 жылдан бастап такси қызметін пайдаланушылар саны тұрақты өсіп келеді, ол 2020 жылғы 1,314 миллион адамнан 2022 жылы 3,339 миллион адамға дейін өсті.

Тиісінше, бұл саладағы жұмысшылардың табысы да жақсы деңгейде болуы керек. Табысы жағынан отандық такси жүргізушілерінің де көш бастап тұрғаны осыны аңғартады.

Саладағы табыс деңгейі

"Егер талданып отырған ТМД елдерінде такси қызметтері үшін бірдей машиналар жұмыс істейтінін елестететін болсақ (мысалы, 2023 жылғы Hyundai Accent, қозғалтқыш көлемі 1,6 текше метр және отын шығыны қалалық режимде 100 км-ге 8,9 литр), Қазақстанда такси жүргізушісі 100 км жолға 37 АҚШ долларынан астам ақша табады.

Осылайша, Қазақстан такси қызметтерінің табыстылығы бойынша ТМД елдерінің үзік-3 қатарына кіреді деп айтуға болады (Әзірбайжаннан кейін – 53,77 АҚШ доллары және Ресейден кейін – 100 км жолға 37,76 АҚШ доллары)", - деп хабарлайды сарапшылар.

ТМД елдеріндегі таксилердің кірістері мен бағасы
ТМД елдеріндегі таксилердің кірістері мен бағасы. Дереккөз: Economy.kz

Сондай-ақ олар бағаның мұндай шашыраңқылығына белгілі бір айырмашылықтар әсер ететінін атап көрсетеді.

Мысалы, такси ретінде қолданылатын көліктің бағасын да ескеру маңызды. 2023 жылғы Hyundai Accent бағасы Қазақстанда – 9,9 млн теңгені , Әзірбайжанда – 8,4 млн теңгені, ал Ресейде 8,1 млн теңгені құрайды.

"Талдауға сүйене отырып, Қазақстанда автомобильдің қымбаттығынан туындайтын өте қымбат такси қызметтері бар деген қорытынды жасауға болады.

Осыған байланысты, автоөндірушілер мен қаржы институттарын несиелендірудің жеңілдетілген шарттарын ұсынуда ынталандыру арқылы елдің автомобиль паркін «жасарту» ұсынылады", - дейді Economy.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2120385-qazaqstanda-zhane-basqa-tmd-elderining-taksi-zhurgizushileri-qansha-tabys-tabady/