Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын алған қазақстандықтарға салынған салық жойылады

Жарияланған күні:

Ақша салынған әмин
Ақша салынған әмиян ұстаған ер адамның қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин "Атамекен" ҰКП отырысында қазақстандықтар зейнетақы жинағын алған кезде есептелген жеке табыс салығы есептен шығарылатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұған дейін Азамат Әмрин зейнеткерлер табыс салығын төлемейтінін хабарлаған болатын.

Осыған байланысты қазақстандықтар артық зейнетақы жинақтарын алған кезде есептелген жеке табыс салығын төлей ме деген сауал қойылды.

"Олар бұл салықтан босатылады", - деді вице-министр.

Азамат Әмрин журналистердің қазақстандықтар үшін жеке табыс салығы есептен шығарыла ма деген нақтылау сауалына да жауап берді.

"Қазіргісі жойылады. Бұл ЖТС кейінге қалдырылып, келешекте (зейнеткерлікке шыққанда - ред. ескертпесі) төленуі тиіс еді.

Иә, сіз зейнеткерлікке шыққан кезде барлық төлем жеке табыс салығынсыз болады. Болашақта да алынатын зейнетақыға салық қосылмайды, өйткені бұл салық енді болмайды", - деді ол.

Мамыр айының басында Қазақстанда кейбір зейнетақы төлемдері, соның ішінде тұрғын үй мен емделуге төленетін төлемдер ЖТС-тан босатылады деп жоспарланғаны белгілі болды.

БЖЗҚ-ның ресми сайтында хабарланғандай, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері ҚР Салық кодексіне сәйкес 10 пайыз мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын табысқа жатады.

ЖТС ұстау міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылатын зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша жиынтық түрінде жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2121267-zeinetaqy-zhinagyn-algan-qazaqstandyqtarga-salyngan-salyq-zhoiylady/