"Қалыпты құбылыс": Ұлттық банк төрағасы рубльдің қымбаттауына қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов рубльдың құнсыздануы теңгені құлдыратпай ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Тимур Сүлейменовтің сөзінше, рубльды конвертациялауға шектеу болмайды.
"Шектеудің қажеті жоқ. Өйткені біз көріп отырған құбылыс бір-екі пайыз. Меніңше, ешқандай қажеттілік жоқ. Ішкі нарықтағы баға өзгермейді. Курс 1 пайыз әлсірейді, 1 пайыз күшейеді. Мұндай құбылыстарға көңіл аудару қажет емес. Бұл нарықтағы қалыпты құбылыс", - деді Ұлттық банк басшысы.
Айырбастау пункттерінде немесе банкте ешқандай дүрбелең жоқ. Рубльдің құнсыздануының теңгеге әсері қандай екенін айтты.
"Өздеріңіз көріп отырғандай, рубльдің теңгеге бағамы 5,2 теңге. Теңгеміз сәл әлсіреді. Бұл біздің экспортқа шығатын өндірушілер үшін тиімді құбылыс. Ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілеттірек болады", - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық банкінің бүгінге, 21 маусымға белгілеген валюталар бағамына сәйкес, 1 рубльдің құны 5,38 теңгеге жетті. Өз кезегінде айырбастау бекеттері РФ ақшасы 5,5 теңгеге дейін сатуда.
Салыстырсақ, Америка Мосбиржаға қарсы салмақты санкция енгізердің қарсаңында, 2024 жылғы 12 маусымда ғана РФ рублі небәрі 5,05 теңге тұрған. Былтырғы жылдың ортасында көршінің ақшасы 5 теңгеден төмен бағаланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2121708-qalypty-qubylys-ulttyq-bank-toragasy-rublding-qymbattauyna-qatysty-pikir-bildirdi/