Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Храпунов пен Әблязовтың сыбайластары БТА банкі мен Алматы қаласына 32 млн доллар төлеуге міндеттелді

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рolisia.kz

БТА банкі мен Алматы қаласы өкілдері америкалық сотта жеңіске жетті. Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпуновтың сыбайластары 32 миллион АҚШ долларын төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Банктің ресми сайтында 3 аптаға созылған сот процесінен кейін АҚШ-тағы Нью-Йорк оңтүстік округі бойынша аудандық сотында алқабилер БТА банк пен Алматы қаласының пайдасына үкім шығарғаны хабарланды. Сотқа шағымдар Феликс Саттерге, Bayrock Group Inc., Global Habitat Solutions және MeM Energy Partners LLC компанияларына қарсы берілді.

"Алқабилер Саттердің заңсыз әрекеттерінің, соның ішінде мүлікті заңсыз иемдену, негізсіз баю және ақша алу сияқты әрекеттерінен БТА Банк және Алматы қаласы зардап шеккен деп тауып, залал түрінде сұралған сомадан асатын өтемақы тағайындады", - делінген хабарламада.

Жалпы сома 32 миллион доллардан асты.

"2024 жылдың 10 маусымында басталған сот отырысында Мұхтар Әблязовтың БТА банкке және Виктор Храпуновтың Алматы қаласына қарсы қылмыстары туралы егжей-тегжей дәлелдер келтірілді. Миллиардтаған долларды құрайтын жалған несиелер бұл банктің күйреуіне әкелді.

Бұл сот процесі Алматы әкімдігіне (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қолдауымен) америкалық сот алдында бұрынғы әкім Виктор Храпуновтың алаяқтығын дәлелдеуге мүмкіндік берді. Қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекеттік жерлерді жекешелендіріп, оны өзі немесе оның әйелі бақылайтын компанияларға, сондай-ақ кей жағдайда Мұхтар Әблязов басқаратын компанияларға арзандатылған бағамен сатып жіберген. Храпуновтың алаяқтығы Алматы қаласына 300 миллион доллардан астам шығын келтіріп, ірі қала орталықтарындағы қомақты жер телімдері игерілмей қалған", - дейді банк өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2125218-hrapunov-pen-abliazovtyng-sybailastary-bta-banki-men-almaty-qalasyna-32-mln-dollar-toleuge-mindetteldi/