Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы биржада доллар күрт төмендеді

Опубликовано:

Әмиян және ақша
Әмиян және ақша. Көрнекі сурет: athima tongloom/Getty Images

Сейсенбі, 2 шілдеде Қазақстан қор биржасының мәліметіне сәйкес, елде доллар бағамы 3 теңгеге төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ KASE-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы өткен сессиядан бері 3,13 теңгеге төмендеп, 471,83 теңге болды.

Айта кетейік, бір күн бұрын америкалық валюта 3,34 теңгеге қымбаттаған болатын. Доллар бағасының күрт өсуі өткен жұмада да байқалды – доллар бірден 6,2 теңгеге қымбаттады.

NUR.KZ сайтының айырбастау бағамы бетіндегі мәліметтеріне сүйенсек, қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды мынадай бағамен сатады:

  • Алматыда: сатып алу – 469,3-472 теңге, сату – 473,3-474,7 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 469,3-470,5 теңге, сату – 473,3-474,5 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Қазақстандағы айырбастау пункттерінде долларды мынадай бағамен сатуға және сатып алуға болады:

  • Алматыда: сатып алу – 472-472,7 теңге, сату – 473,3-474,7 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 469 теңге, сату – 474 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2127621-qazaqstandagy-birzhada-dollar-kurt-tomendedi/