Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалақыдан ұсталатын салық азаяды: бұл өзгеріс кімдерге қатысты болмақ

Жарияланған күні:

Калькулятор және блокнот
Калькулятор және блокнот. Көрнекі сурет: Freepik.com/KamranAydinov

Жаңа Салық кодексі қызметтің әртүрлі саласына өзгерістер енгізеді. Олар сондай-ақ қазақстандықтардың жалақысындағы салық базасының көлемін азайту мәселесін де қозғайды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.

Қазақстанда жаңа Салық кодексінің жобасы қызу талқылануда. Көптеген жаңашылдықтарының арасында ол азаматтардың жалақысынан жеке табыс салығын (ЖТС) ұстау мәселелерін де қарастырады.

Экономика министрлігінің Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, енді табысы төмен қазақстандықтар жеке табыс салығынан босатылады.

Қандай өзгерістер болады

Дереккөзде атап өтілгендей, қолданыстағы стандарттарға сәйкес, жалақы салығын есептеу кезінде 14 АЕК мөлшерінде шегерім қолданылады (2024 жылы 51 688 теңге). Бұл ЖТС ұсталмайтын сома.

Яғни салық жалақының 14 АЕК – зейнетақы жарналары, медициналық сақтандыру және т.б. шегерілгеннен кейін қалған бөлігінен алынады да, бұл сома 30 АЕК (110 760 теңге) дейін ұлғайтылады. Осылайша жалақының салық салынбайтын бөлігі ұлғаяды.

"Мұндай жағдайда, жалақыдан 10 пайыз мөлшерiнде зейнетақы жарналары бойынша шегерiмдердiң болуын ескере отырып, 123 мың теңгеге дейiнгi жалақы кезiнде ЖТС төленбейдi әрі төмен жалақы төленетiн қызметкерлер үшiн жүктеме азайтылады", - делінген дереккөзде.

Осылайша, төмен жалақы алатын барлық жалдамалы қызметкерлердің жартысына жуығы табыс салығын төлеуден босатылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2128122-zhalaqydan-ustalatyn-salyq-azaiady-bul-ozgeris-kimderge-qatysty-bolmaq/