Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Halyk Bank және "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" Halyk қосымшасында салынып жатқан үлестік объектілерді тексеру сервисін іске қосты

Опубликовано:

Құрылыс
Көрнекі фото: depositphotos.com

2024 жылғы маусымнан бастап Halyk банкінің қосымшасында "Мемлекеттік қызметтер" – "Жылжымайтын мүлік" бөлімінде Қазақстанның үлестік құрылысының заңды объектілерін тексеру қызметі қолжетімді.

Енді құрылыс кезеңінде тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтар құрылыс салушыларда "ҚТК" кепілдігінің немесе үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктің рұқсатының бар-жоғын тексере алады. Ол үшін құрылыс салушының БСН немесе тұрғын үй кешені атауын енгізу жеткілікті болады. Halyk қосымшасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнамаға сәйкес өз ақшасын қауіпсіз салуға болатын барлық тұрғын үй кешендері туралы барлық қажетті ақпаратты береді. Сондай-ақ аяқталған нысандар және бұрын алынған рұқсаттар мен кепілдіктер туралы ақпарат қол жетімді.

Қосымшаға ақпарат "Қазреестр" бірыңғай ақпараттық жүйесінен келіп түседі, онда барлық заңды үлестік объектілер мен үлестік қатысу туралы шарттар есепке алынады.

"Салынып жатқан тұрғын үйді сатып алудан және сату кеңселерінде шарт жасасудан бұрын біздің азаматтарға құрылыс салушыларда "ҚТК" кепілдігінің не үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың бар-жоғын тексеру маңызды. Halyk Bank және "ҚТК" әзірлеген сервис бұл тексеруді ыңғайлы форматта – Halyk қосымшасы арқылы онлайн жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз бұл шешім салынып жатқан тұрғын үймен жасалған мәмілелер кезінде тәуекелдерді айтарлықтай азайтатынына сенімдіміз", - деді "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының" басқарма төрағасы Алтай Куздибаев.

"Бәйтерек" Холдингінің алдында ауқымды цифрландыру, оның ішінде үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау саласы бойынша міндет тұр. Halyk Bank және ҚТК әзірлеген цифрлық сервис азаматтардың үлестік құрылысқа қауіпсіз қатысуын қамтамасыз етудің тағы бір құралы болады", - деді "Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым.

Осылайша, жаңа сервис азаматтардың қаражатын заңсыз тартатын құрылыс компанияларынан тұрғын үй сатып алудан қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ құрылыс салушылар тарапынан үлескерлердің құқықтары мен міндеттемелерін бұзу тәуекелі барынша азайтылады.

Өзіңізді және жинақтарыңызды қорғаңыз – тек заңды үлестік құрылысқа қатысыңыз!

*Банк қызметі Қазақстанда лицензияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2128947-halyk-bank-zhane-qazaqstan-turgyn-ui-kompaniiasy-halyk-qosymshasynda-salynyp-zhatqan-ulestik-obektilerdi-tekseru-servisin-iske-qosty/