Қазақстанда доллар тағы да қымбаттады
Жарияланған күні:
Қазақстан қор биржасындағы 4 шілде күндізгі сауда-саттықтан кейін доллар қайтадан қымбаттады. Бұл туралы KASE ресми сайтындағы мәліметтерге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Доллардың орташа бағамы 2,69 теңгеге қымбаттап, 475,39 теңгені құрады.
Айта кетейік, өсім дүйсенбі, 1 шілдеде байқалған. Америкалық валюта 3,34 теңгеге қымбаттады. Өткен жұмада да доллардың күрт өсуі байқалды – АҚШ ақшасы бірден 6,2 теңгеге қымбаттады.
Соған қарамастан 2 шілдеде доллар бағамы бірден 3 теңгеге арзандады.
NUR.KZ сайтының айырбас бағамы парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, қазақстандық екінші деңгейлі банктер долларды келесідей бағамен саудалап жатыр:
- Алматыда: сатып алу – 472,4-474,5 теңге, сату – 476,3-477,4 теңге;
- Астанада: сатып алу – 472,4-473 теңге, сату – 477-477,4 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша қазақстандық айырбастау орындарында долларды келесі бағамен сатып алуға және сатуға болады:
- Алматыда: сатып алу – 474,4-475 теңге, сату – 476-477 теңге;
- Астанада: сатып алу – 471 теңге, сату – 476 теңге.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2129088-qazaqstanda-dollar-tagy-da-qymbattady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.