Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы биржада доллар бағамы 480 теңгеден асты

Опубликовано:

Теңге және доллар
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан қор биржасының нарықтағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,94 теңгеге көтерілді. Бұл туралы KASE ресми сайтында хабарланды.

Дәл қазір Қазақстанда доллар бағамы 480,77 теңгеге тоқтады. Осылайша, нарықтағы сауда бойынша америкалық валютаның өсімі 3,94 теңгеге жетті.

NUR.KZ сайтының айырбастау бағамы парақшасынан алынған мәліметке сүйенсек, екінші деңгейлі қазақстандық банктерде долларды сатып алу-сату мына бағам бойынша жүзеге асырылып жатыр:

  • Алматыда: сатып алу – 477-480 теңге, сату – 481,70-483,50 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 477-477,50 теңге, сату – 482-483,50 теңге.

Айта кетейік, доллардың өсуі 4 шілдеде байқалған. Америкалық валюта 2,69 теңгеге қымбаттаған еді. Сондай-ақ доллар бағасы дүйсенбіде, 1 шілдеде 3,34 теңгеге, ал 28 маусымда бірден 6,20 теңгеге көтерілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2131122-qazaqstandagy-birzhada-dollar-bagamy-480-tenggeden-asty/