Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қордан биыл қанша бала ақшасын алғаны мәлім болды

Опубликовано:

Теңге
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

2024 жылдың бес айында БЖЗҚ "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 12 921 өтінішті орындаған. Барлығы шамамен 1,3 миллион доллар төленді. Ақшаның не мақсатпен алынғанын KAZ.NUR.KZ тілшілері анықтады.

2024 жылы Қазақстанда "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы іске қосылды, оның аясында Қазақстандағы барлық кәмелетке толмағандар жыл сайын еліміздің Ұлттық қорынан түскен инвестициялық кірістің бір бөлігін алып отырады.

Әзірге қазақстандық балалардың есепшотында ақпан айында түскен $100,52 бар. Бұл сома жыл сайын өседі және оны бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана алуға болады. Биыл бұл ақшаны 304 815 азамат алады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) деректері бойынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 12 921 адам ақшасын алып үлгерген, ал төлемдердің жалпы сомасы шамамен 1,3 миллион доллар болған:

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – 6842 өтінім (шамамен 686 мың доллар);

оқу ақысын төлеуге – 6 079 өтініш (шамамен 610 мың доллар).

Бір айта кетерлігі, азаматтардың барлығы ақшасын пайдаланбаған. Осылайша, жалпы сомасы 61,5 мың доллардан асатын 616 "тұрғын үй" өтініші БЖЗҚ-ға қайтарылды. Оқу ақысын алуға тағы 716 өтініш қайтарылды: мұнда сома 71 мың доллардан астам болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2132226-ulttyq-qordan-13-myngga-zhuyq-qazaqstandyq-bala-aqshasyn-aldy/