jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Қытайға 2 млрд доллар": "Самұрық-Қазына" өкілдері компанияның қарызы туралы айтты

    Самұрық-Қазына баспасөз мәслихаты фото
    Самұрық-Қазына баспасөз мәслихаты: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

    "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының қарызы 10 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Самұрық-Қазына" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов компания қарызы 10 триллион теңге екенін мәлімдеді.

    "Қарыздың номиналды сомасы – 10 трлн теңге, баланстық сомасы – 8 трлн теңге. Оның жартысы сыртқы қарыз. Негізінен "ҚазМұнайГаз", "ҚазАтомӨнеркәсіп" сияқты ірі компанияларымыз инфрақұрылым жобаларына сырттан қарыз алды. Экспортқа тауар шығаратын компанияларға қарыз доллармен беріледі. Қытайдан бар, 2 млрд доллар. Ең үлкен қарыз "Қазмұнайгаздың" қарызы. Бұл жерде компанияның құнды қағаздары облигацияға шығарылады", - деді ол.

    Компанияның Экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Өтепов БАҚ өкілдерінің "компания ең көп қарыз ел Қытай ма?" деген сауалына "олай айтуға болмайды" деп жауап берді. Сөзінше, әртүрлі елдерден инвесторлар бар.

    "Қытайға 2 млрд доллар": "Самұрық-Қазына" өкілдері компанияның қарызы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.