Таиландта шыны есікке соғылған қазақстандық турист ауыр жарақат алды
Жарияланған күні:
Қазақстаннан келген турист Таиландта демалу кезінде өзі тұрып жатқан қонақүйдің фойесінде әйнек есікке соқтығысу салдарынан көптеген жарақат алды, деп хабарлайды "Евразия" СК баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға мамыр айында Бангкоктағы қонақүйлердің бірінде болған. Қазақстаннан келген демалушы қонақ әйнек есікті байқамай, соқтығысып қалады. Салдарынан шыны есік сынып, демалушы көптеген жарақат алады.
Шетелде демалу уақытына арналған медициналық шығыстарды қамтитын "Евразия" СК сақтандыру полисінің болуына байланысты сақтандырылған қазақстандық турист дәрігерлердің білікті көмегін алды. Медициналық қызмет шығындарын сақтандыру компаниясы өтеді.
Турист шұғыл түрде Бангкоктың жергілікті ауруханасына жатқызылды, онда дәрігерлер жедел түрде қажетті процедураларды жүргізді. Медициналық қызметтер үшін жалпы шот сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде 70 мың батты немесе шамамен 860 мың теңгені құрады.
Зардап шегушінің басында, сондай-ақ қолында және аяғында көптеген ашық жара болды. Дәрігерлер онға жуық жарақатты санап, мұрны қатты зақымданғанын айтты. Ең үлкен жарақат бетінде болды – сол жақ бетіндегі жарақаттың ұзындығы шамамен 10 см. Емдеу барысында ондаған кесілген жері тігілді.
"Туристер Таиландта демалыс кезінде жиі жарақат алады, бұл әдетте құлағаннан кейінгі, соның ішінде мопедтерден құлау кезіндегі әртүрлі сынықтар. Дегенмен дәрігерлердің көмегіне жүгінудің ең көп тараған себебі – жергілікті көше тағамдарымен улану. Қонақүй лоббиінің есігінен жарақат алу – біздің сақтанушылар арасындағы алғашқы жағдай", - деп "Евразия" СК сақтандыру жағдайы туралы түсініктеме берді.
Науқас ауруханада бір күн болды, сіреспеге қарсы вакцина алды, содан кейін ауруханадан шығарылды – ол одан әрі демалысын жалғастырып, Пхукет аралына аттанды.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2140213-tailandta-shyny-esikke-sogylgan-qazaqstandyq-turist-auyr-zharaqat-aldy/