Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автодайджест: Еуропа мен Қазақстандағы ең көп сатылған көліктер және басқа да жаңалықтар

Жарияланған күні:

Автосалон
Көрнекі фото: depositphotos.com

"Евразия" сақтандыру компаниясы автокөлік саласына қатысты соңғы жаңалықтар топтамасын жасады. Мәселен, Macan жаңа нұсқалары пайда болса, Қазақстандағы ең танымал автомобильдер анықталды.

Macan жаңа нұсқалары пайда болды

Porsche электркроссоверінің модификация желісін кеңейтті.

Енді Macan негізгі нұсқасы артқы осьте бір электр қозғалтқышы бар нұсқа болды. Ол 360 а. к. береді, алғашқы "жүзді" 5,7 секундта еңсереді, ал батареяның толық заряды 641 км-ге жетеді. Енді бұл – ең ұзақ қашықтықтағы модификация.

Оның артынан екі моторлы Macan 4 келеді, ол бұрын бастапқы болған, жаңа Macan 4S және "ескі" белгілі Macan Turbo. 4S қарапайым "төрттіктен" 129 ат күшінен күштірек және Turbo қарағанда 123 азырақ, ең жоғарғы серпіні 516 "ат күшіне тең". Мұндай Macan 0-ден 10 км/сағ.дейін 4,1 секундта қарқын алады. Macan 4S жүрісінің паспорттық қоры— WLTP циклы бойынша 606 шақырым.

Жиынтықтамасына тәуелсіз, барлық Macan-да "Off-road Design" опционалды пакеті қолжетімді. Оған имитациялық қорғанысы бар жаңа алдыңғы бампер, артқы бампер қаптамасы, табалдырықтар және клиренсті 10 мм үлкейтуге мүмкіндік беретін "пневмомен" басқару блогы кіреді.

Еуропада жаңа Porsche Macan-ға тапсырыс қабылдау қазірдің өзінде ашық. Бізде электркроссовер әзірге алдыңғы буында ұсынылған.

Porsche Macan
Көрнекі фото: depositphotos.com

Қазақстандағы ең танымал автомобильдер анықталды

Мамырда көшбасшылық орнынан түсіп қалған Hyundai Tucson маусымда қайта көшбасшылық орынға шықты. Бұл туралы Қазақстанның автокөлік одағы (ҚАО) хабарлайды. Жаздың бірінші айында 1 884 данасы сатылды.

Chevrolet Cobalt та екінші орынға қайта шықты. Фавориттен ол 444 данаға аз сатылды.

Үздік үштікті 904 бірлікпен Kia аяқтайды, бірақ Sportage емес, Sorento. Кроссовер бұл позицияны биыл алғаш рет алып отыр. Кіші модель төртінші орынға шықты (867 автомобиль).

Бесінші орынды жалғыз "қытайлық көлік" – Chery Tiggo 2 алады. Маусым айында 541 адам оның иегерлері атанды.

Ары қарай Hyundai Santa Fe(472), Kia Ceed(434), Toyota Hilux(419), Hyundai Elantra(354) және Kia Cerato(341) алады.

Маркалар бойынша бірінші үштік өзгермейді —Hyundai, Kia және Chevrolet. Төртыншы орында Chery ұстап отыр. Ал Toyota жыл басынан бері алғаш рет бестікке кіріп, оны аяқтайды.

Маусымда барлығы 16 688 жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық техника сатылды.

Жанаттарға Cybertruck "ұнап қалды"

Миннесота штатында жабайы жануарлар Tesla корпусын "бұзуға" тырысты. Бұл туралы көлік иесі электрпикапқа арналған форумда бөлісті.

Cybertruck қожайыны отбасымен бірге түнеумен серуенге шығады. Таңертең олар шанақтың қорғаныс пердешесінде табандар мен тістердің іздерін, сондай-ақ сырылған сызаттарды байқайды. Жанаттар көлік ішіндегі тамақтың иісін сезген болулары керек. Енді Tesla жөндеуді қажет етеді.

Мұндай жағдайда Қазақстанда жөндеу шығындарын өтеуге SmartCasco полисі көмектеседі. Біз "Евразия" СК қаңғыбас иттер тобымен көлік құралына келтірілген 552 мың теңге көлемінде залалды қалай өтегені туралы айтып өткен болатынбыз. Сіз келесі сілетеме бойынша автоКАСКО-ны 50% жеңілдікпен немесе бөліп төлеумен ресімдей аласыз.

Суға жақын көк көлік
Көрнекі фото: depositphotos.com

Tank болашақ иелеріне көлік жоспарланған кешірек жеткізіледі

Жол талғамайтын көлік модельдерін шығаратын Great Wall концернінің үш зауыты конвейерді тоқтатты. Бұл туралы Cnews post марка өкілдерінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, хабарлайды.

Өндірісті тоқтата тұруға себеп әдеттен тыс ыстық ауа райы болды. Осыған байланысты, Tank басшылығы қызметкерлер мен жабдықтар мұндай жағдайда қалыпты жұмыс істей алатынына сенімді болғысы келеді. 23-31 шілде аралығында өтетін тексеру тағайындалды.

Өндірістегі үзіліс 300, 400, 500 және 700 модельдеріне әсер етеді. Қазақстан үшін жол талғамайтын көліктерді жеткізу мерзіміне әсер ете ме, бұл туралы ақпарат жоқ.

Сандеро Еуропада бестселлерге айналды

JATO Dynamics талдау агенттігі бірінші жартыжылдық үшін сатылымдардың қорытындысын шығарды.

Ең танымал көлік Dacia Sandero болды, ол бізде Renault брендімен танымал. Бюджеттік хэтчбек 143 596 дана тиражбен сатылды.

Екінші орынға Volkswagen Golf шықты. Жыл басынан бері 126 993 адам сатып алған.

Renault Clio 114 623 дана нәтижесімен үздіктер үштігін аяқтайды.

Топ-10 құрамына Volkswagen T-Roc (111 381), Peugeot 208 (107 097), Skoda Octavia (102 945), Citroen C3 (102 304), Tesla Model Y (101 181), Toyota Yaris Cross (99 694) және Yaris (93 576) кіреді.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2140303-avtodaidzhest-europa-men-qazaqstandagy-eng-kop-satylgan-kolikter-zhane-basqa-da-zhangalyqtar/