Автодайджест: Lacetti-мен қоштасу, электрлі көліктерге арналған портативті зарядтау құрылғысы және басқа жаңалықтар
Жарияланған күні:
"Евразия" сақтандыру компаниясы автокөлік саласына қатысты соңғы жаңалықтар топтамасын ұсынды. Мәселен, Zeekr 009 ерекше краш-тесттен өтсе, Toyota тағы бір жол талғамайтын көлік шығаруы мүмкін.
Жаңа Patrol тұсаукесері қашан өтетіні белгілі болды
Nissan кері санаумен анимацияланған сайтты іске қосты.
Жапон маркасының моделінің атауы белгісіз. Дегенмен осы жасырын жамылғы астында жол талғамайтын көлік бар екені сөзсіз. Patrol-ға деген тағы бір тұспалдау – "бейне" және "аңыз" сөздерін қолдану болып табылады. Сонымен қатар мұндай сөздер тек GT-R және Silvia купелеріне қолданылады. Соңғысын, айтпақшы, шынымен жандандыруы мүмкін.
Жаңа Nissan Patrol дебюті 4 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де өтеді.
Конвейерден соңғы Gentra шықты
UzАuto Motors зауыты Chevrolet Lacetti өндірісін аяқтады. Бұл туралы кәсіпорынның Telegram-арнасында хабарланды.
Зауыттан 487 104 нөмірімен шыққан соңғы седан (2023 жылдан бастап) қара түске боялған, ол соңғы жылдары Өзбекстанда танымал болып келеді. Gentra соңғы модельдер сияқты ерекше белгілерді алған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, модель 2002 жылы Daewoo брендімен пайда болды. Кейінірек рестайлингпен бұл атау Gentra атауына өзгерді. Содан кейін атауы Chevrolet және Ravon болып өзгерді, ал соңғы жылдары америкалық брендке оралды.
Қазақстанда Chevrolet Lacetti ресми дилердің сайтында әлі де "қалып тұр". Сірә, қалдықтары сатылатын болар.
Zeekr 009 ерекше краш-тесттен өтті
Желіде қытайлық минивэннің беріктігін сынау туралы бейнетүсірілім пайда болды.
Әдетте, көлік құралын алдыңғы соққы немесе бүйірлік соққы болсын бір рет соққыға ұшыратады. Сонымен қатар манекендер тек бірінші және екінші қатарларға отырғызылады, ал егер ол бар болса да, ешқашан үшінші қатарға отырғызылмайды.
Zeekr барлық ережелерді "бұзуды" шешті: 009 алдымен жылжып кетуге қарсы бөренесіз тоқтап тұрған 19 тонналық жүк машинасының артқы жағына келіп соқтығысады, ал біраз уақыттан кейін минивэн 1,8 тонна салмақпен кроссоверге келіп соғылады. Бұл уақытта электромобильде төрт манекен болған: жүргізуші, оның артында жолаушы және галеркада екі бала.
Компанияның айтуынша, Zeekr 009 сынақтан сәтті өтті: алдыңғы және бүйірлік есіктері ашылды, батареяда қауіпті деформация жоқ және адамдар ауыр жарақат алған жоқ.
Бірақ, егер қауіпсіздік жастықшалары сізді апат кезінде жарақат алудан сақтаса, ал КАСКО полисі апаттан кейін көлікті жөндеу кезінде қаржылық жастықша ретінде қолданылатынын ұмытпаңыз. SmartCASCO-ны сілтеме бойынша 50% жеңілдікпен немесе бөліп-бөліп төлеумен алуға болады.
Toyota тағы бір жол талғамайтын көлік шығаруы мүмкін
Жапондық автоөндіруші жыл соңына дейін жаңа модельді ұсынбақшы. Бұл туралы "Autocar India" басылымы инсайдерлерге сілтеме жасай отырып, хабарлады.
Болашақ жол талғамайтын көлік қазірдің өзінде Hilux және Fortuner-де қолданылатын IMV 0 ғаламдық утилитарлық платформасында салынады деп болжануда. Бұл ені мен биіктігі берілген модельдерге ұқсас болатынын білдіреді. Бұл ретте, модельдің ұзындығы 4,5 м-ден аспайды деп күтілуде. Осылайша ол Fortuner-ге қарағанда бір саты төмен болады.
Мотор гаммасы рамалық пикап пен жол талғамайтын көліктен де алынады. Оларға 2,4-тен 2,8 л-ге дейінгі дизельді қозғалтқыштар, сондай-ақ 2,7 литрлік бензинді нұсқасы кіреді.
Сарапшылар бұл жаңалық FJ Cruiser атауын алады деп болжайды. Бұл солай ма, біз оны күзде білеміз.
"2025 жылдың автомобилі" атағына үміткерлер аталды
Еуропалық сыйлықты ұйымдастырушылар беделді байқауда жеңіске жету үшін жарысқа түсетін көліктердің тізімін жариялады.
Қазіргі уақытта оған 41 автомобиль кіреді. Бұл тізімде жергілікті брендтерден басқа "жапондықтар" (Lexus, Mazda, Suzuki және Toyota), "корейлер" (Hyundai, KGM (бұрынғы SsangYong) және Kia), "қытайлықтар" (BYD және Xpeng), сондай-ақ бір "америкалық" (Ford) бар.
Тізімнің соңғы нұсқасы 15 қарашада жарияланады, ал бір аптадан кейін 22 елден 59 автожурналист финалистерді таңдайды.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропада "2024 жылдың автомобилі" Renault Scenic E-Tech болды.
Енді электромобильді жолда қайта зарядтауға болады
GoSun машинаны қайта зарядтауға мүмкіндік беретін машинаның жабынын ұсынды.
Бұл әзірлеме EV Solar Charger атауын алды және бұл электромобильдің төбесіне орнатылған күн панельдерінің жиналмалы жиынтығы. Батарея электромобильдің зарядтау портына 120 вольтты кабель арқылы қосылады, ал GoSun инженерлерінің есептеулері бойынша қуат қоры 50 км-ге жетуі керек.
EV Solar Charger-ге тапсырыс беру қазірдің өзінде ашық. Оның құны 3 мың АҚШ долларына тең (ағымдағы бағам бойынша 1,4 млн.теңге). Алайда сатып алушылар зарядтау құрылғысын тек 2025 жылы алады.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2146825-avtodaidzhest-lacetti-men-qoshtasu-elektrli-kolikterge-arnalgan-portativti-zariadtau-qurylgysy-zhane-basqa-zhangalyqtar/