Астанадағы бұршақ салдарынан кем дегенде 5 мың көлікке зақым келген
Жарияланған күні:
Өткен аптада Астанада қатты бұршақ жауып, салдарынан "Евразия" сақтандыру компаниясы мамандарының алдын ала бағалауы бойынша, әр түрлі дәрежеде кем дегенде 5 мың көлік құралы зақымданды. Бұл ретте, КАСКО ерікті автосақтандыру бағдарламалары шеңберінде автокөліктері сақтандырылған зардап шеккендер ғана сақтандыру төлеміне сенім арта алады.
Бұршақ жауғаннан кейінгі үш күн ішінде "Евразия" СК-на зақымдалған көлік иелерінен 60-тан астам өтініш, сондай-ақ КАСКО бағдарламалары бойынша сақтандырылған заңды тұлғалардан сегіз өтініш келіп түсті. Барлық өтініш тіркелді, мамандар келтірілген залалды бағалау және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша жұмысты бастап кетті.
"Ағымдағы қарқынды ескере отырып, біз зардап шеккендерден жүзден астам өтініш түседі деп күтудеміз. Көлік иелерінің хабарлауынша, ең көп таралған зақымдар – төбедегі, капоттағы және жүксалғыштағы майысқан жерлер, сондай-ақ алдыңғы және артқы әйнектердегі жарықтар", - дейді "Еуразия" СК баспасөз қызметі.
2023 жылы ерікті автосақтандыру жаңа шарттардың айтарлықтай өскенін көрсетті – нарық 2022 жылмен салыстырғанда екі еселенген өсімді көрсетті, және сыйлықақыларды жинау бойынша (120 млрд теңгеден астам) КҚИ АҚЖ міндетті автосақтандырудан бірінші рет озып кетті (115 млрд теңгеден астам). Алайда осындай айтарлықтай өсімге қарамастан, КАСКО полистерімен елдің автопаркінің 5%-дан аспайтын мөлшері ғана қамтылған. Астанада КАСКО-ның енуі Қазақстан бойынша орташа деңгейден жоғары, бұл ретте полистердің басым көпшілігі үш жастан аспайтын автомобильдерге тиесілі.
Алдын ала бағалаулар бойынша, бұршақтан зардап шеккен автокөлік иелерінің жалпы санынан КАСКО шарттары бойынша 500-ден аспайтын көлік құралдары немесе зардап шеккендер санының шамамен 10% сақтандырылған.
Сондай-ақ бұршақтан кейінгі бірінші күні "Евразия" СК колл-орталығына КҚИ АҚЖ міндетті автосақтандыру полистерінің иелерінен екі жүзге жуық өтініш келіп түсті. Алайда, мұндай автосақтандыру шарттарында сақтандырылушының кінәсінен ЖКО-дан зардап шеккен үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін, өмірі мен денсаулығын қорғау ғана көзделген.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2148141-astanadagy-burshaq-saldarynan-kem-degende-5-myng-kolikke-zaqym-kelgen/