Астанадағы бұршақ салдарынан автокөлік иелеріне келтірілген мүлік залалы 4,5 млрд теңгеден асуы мүмкін
Жарияланған күні:
Зардап шеккен көлік құралдарының саны 8 мыңға дейін өсті. 8 тамызда Астана қаласында жауып өткен қатты бұршақтан кейін автомобиль көлігі иелеріне келтірілген жиынтық мүлік залалы 4,5 млрд теңгеден асуы мүмкін, деп есептеді "Евразия" сақтандыру компаниясының мамандары. Сонымен қатар, зардап шеккен автомобильдердің саны 8 мыңға дейін едәуір өсті.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, бұршақ салдарынан зардап шеккен көлік құралдарының болжамды саны 5 мыңнан 8 мыңға дейін өсті. Бұл ретте КАСКО ерікті автосақтандырумен, оның ішінде бұршақ салдарынан болған залалды өтеумен зардап шеккендердің жалпы санынан 10 пайыздан аспайтын немесе 800 автомобиль қамтылған.
"Өткен аптаның басында КАСКО шарттары бойынша сақтандырылушылардың өтініштерінің саны күрт өсті. Несиеге сатып алынған көптеген автокөлік иесі олардың сақтандыруы бұршақ салдарынан болған зиянды өтейтінін білмеді", - деп "Евразия" СК баспасөз қызметінде өтініштер санының артуы туралы түсініктеме берді.
Бұршақ жауғаннан кейінгі он күн ішінде КАСКО ерікті автосақтандыру шарттары бойынша "Евразия" СК сақтандыру төлемдерін алу үшін 160-тан астам автокөлік иесі, оның ішінде заңды тұлғалар жүгінген. Бағалау жүргізілген сақтандырылған автомобильдерге келтірілген залалдың орташа мөлшері шамамен 1 млн теңге болды. Сонымен қатар КҚИ АҚЖ МС міндетті автосақтандыру полистері иелерінен компанияның байланыс орталығына залалды реттеу мәселелері бойынша кеңестер мен түсініктемелер алу үшін төрт жүзден астам қоңырау келіп түсті.
Әдетте КАСКО шарттары аясында негізінен несиеге сатып алынған және автосалондарда кепілдіктерде тұратын жаңа автомобильдер сақтандырылады. Мұндай автомобильдер бойынша қосалқы бөлшектер мен жөндеу құны, ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 68 пайызы 10 жылдан асқан, орташа статистикалық қазақстандық автомобильге қарағанда едәуір жоғары.
Естеріңізге сала кетейік, бұршақ КҚИ АҚЖМС міндетті автосақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы болып саналмайды. КАСКО ерікті автосақтандыру полисі жоқ жүргізушілер көлік құралдарын өз қаражаты есебінен қалпына келтіруге мәжбүр болады.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2150877-astanadagy-burshaq-saldarynan-avtokolik-ielerine-keltirilgen-mulik-zalaly-4-5-mlrd-tenggeden-asuy-mumkin/