Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қанша қазақстандық 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жалақы алады

Жарияланған күні:

Читать на русском
ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда орташа жалақы 400 мың теңгеден асқанын хабарлады. Ең төменгі шекті 85 мың теңге жалақыны 170 мың адам алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінде Ұлттық статистикалық бюроның мәліметі бойынша орташа жалақы 403 мың теңге. Біз мониторинг жүргіземіз. Біздегі мәлімет бойынша 160 мың адам 100 мың теңгедей жалақы алады.

Ал 175 мың адам 85 мың теңге көлемінде айлық алады. Бұл білім деңгейі мен жұмыс сапасына байланысты", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Айта кетсек, бұған дейін министрлік өкілдері маусымда электронды еңбек биржасында 94,4 мың бос жұмыс орны жарияланғанын мәлімдеді. Сәйкесінше, маусымда 88,9 мың түйіндемее жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2151552-elimizde-qansha-qazaqstandyq-85-myngnan-100-myng-tenggege-deiin-zhalaqy-alady/