Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автодайджест №28: шілде айындағы автосатылымдардың нәтижелері, Maybach-тан родстер және басқа жаңалықтар

Жарияланған күні:

Автомобильдер
Көрнекі фото: depositphotos.com

Бұл материалда шілдеде ең танымал болған көліктер тізімін ұсынып, Changan шағын кроссовері мен Mercedes-Maybach-тың жаңа нұсқасындағы ерекшеліктерге тоқталып, Citroen-ға қатысты қандай жаңалықтар болғанын талқылаймыз.

Шілденің ең танымал көліктері аталды

Қазақстандық автомобиль одағының деректері бойынша, осы жылдың төртінші айында 17 142 жеңіл автомобиль және жеңіл коммерциялық техника, сондай-ақ 1 094 жүк көлігі мен автобустар сатылды.

Жаңа көліктер арасында ең көп сатылғаны Hyundai Tucson болып қала береді. Есепті кезеңде 2 037 кроссовер сатылған.

Екінші орында әлі де Chevrolet Cobalt тұр. Оның 1450 данасы сатылды.

Маусымда бұрынғы орнынан айырылып қалған Kia Sportage үшінші орынға қайта жайғасты. Бұл көлікті 831 адам сатып алған.

Төртінші және бесінші орындарды алғаш рет Hyundai Elantra және Chevrolet Enix иеленді. Hyundai Elantra-ны 658, ал Chevrolet Enix-ті 579 адам сатып алған.

Ары қарай тізім бойынша: Hyundai Santa Fe (544 дана.), Jac J7 (468 дана), Haval M6 (464 дана), Chery Tiggo 7 Pro (456 дана) және Jetour X70 (452 дана).

Маркалар бойынша жетекші орында Hyundai тұр. Chevrolet және Kia орын алмасып, қазір сәйкесінше екінші және үшінші орындарды иеленген. Chery – төртінші орында. Өткен айда Toyota-дан ұтылған Jac тағы да бестікті түйіндеді.

CS75 Plus буынын өзгертті

Қытайда жаңа Changan шағын кроссоверінің өндірісі басталды.

CS75 Plus төртінші буынында алдыңғы бампер жаңартылған, бірақ көлденең диодты жолақтары бар бас оптикасымен архитектураға енгізілген V-тәрізді жақтаусыз торсол күйі қалып отыр. Капот та өзгеріске ұшырады. Бүйір жағынан кроссовер алдыңғы нұсқаға ұқсас. Жаңартылғаны – тұтқалар. Артқы жағынан Changan оптика мен спойлердің арқасында UniK-ке ұқсас. Бампері сәл өңделген.

Кроссовердің өлшемдері де өзгерді. Ол бұрынғыдан 60 мм ұзынырақ және 45 мм кеңірек. Осылайша, оның жалпы ұзындығы, ені мен биіктігі сәйкесінше 4 770, 1 910 және 1 695 мм ,jk5fy. Дөңгелек базасы да өсті – 2 710 мм-ден 2 800 мм-ге дейін.

Техникалық бөлігі де өзгеріске ұшырады. CS75 Plus үшін бір қозғалтқыш берілген – бұл 1,5 литрлік "турботөрттік". Ол екі нұсқада ұсынылады. Біріншісі 188 күштің қайтарымымен кроссоверге орнатылды. Бірақ екіншісі, 192 а. к., жаңа. Сарапшылар оны төрт дөңгелекті жетекпен біріктіруге болады деп санайды (бұған дейін тек алдыңғы жағы қолжетімді болған).

Жаңа Changan CS75 Plus бағасы әлі жарияланған жоқ. Оның бізге қашан келетіні белгісіз. Алайда бұған дейін модель Қазақстанда ұсынылған.

АҚШ-та Hyundai және Kia-ны заңсыз айдап әкету әрекеттері азайды

Жолдағы шығындар туралы деректер институты (HLDI) соңғы уақытта айдап әкету оқиғаларының саны 64 пайызға азайғанын хабарлайды.

Мұндай нәтижеге Hyundai және Kia автомобильдерінің түзетілген бағдарламалық жасақтамасының арқасында қол жеткізілді. Жаңа бағдарламалық жасақтама 2011 жылдан 2022 жылға дейін шығарылған 22 модельмен үйлесімді. Шілде айындағы мәліметтерге сәйкес, проблемалы көліктердің жалпы санының 9 миллионнан 7-і жаңартудан өтті.

Еске салсақ, үш жыл бұрын әлемде, атап айтқанда Америкада Hyundai және Kia автокөліктерін ұрлау саны жоғары болған. Мұның себебі зауытта ұрлыққа қарсы жүйенің әлсіздігі еді.

Алайда тіпті дабылдың өзі автокөлікті айдап әкету қаупін сейілтуге кепілдік бермейді. SmartCASCO полисі ұрланған жағдайда қаржылық шығындарды өтеуге көмектеседі. "Евразия" сақтандыру компаниясынан автоКАСКОНЫ 50 пайыз жеңілдікпен немесе бөліп төлеумен сатып алуға, сақтандыру құнын есептеуге және сілтеме бойынша ресімдеуге болады.

Citroen
Көрнекі фото: depositphotos.com

Citroen Аустралиядан кетеді

Stellantis концернінің құрамына кіретін француз маркасы осы жылдың қарашасында жаңа көліктерге тапсырыс қабылдауды тоқтатады. Бұл туралы Сarscoops хабарлады.

Citroen елде 1923 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл – барлық маркалар ішіндегі ең ұзақ мерзім. Алайда марканың модельдеріне деген сұраныстың төмендігі сатылымды төмендетуге мәжбүр етеді.

Дегенмен жергілікті дистрибьютор бес жылдық кепілдікті соңына дейін сақтау үшін 35 дилерлік орталықты сақтауға уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, Citroen жақында Қазақстанға қайта оралды. Қазіргі уақытта тек бір модель қолжетімді – C3 Aircross. Бірақ көп ұзамай желіні C4 және C4X толықтырады.

Maybach-та кабриолет пайда болды

Mercedes-Benz өзінің ерекше сәнді автокөлік бөлімшесінің жаңа моделін ұсынды әрі бұл родстер.

Mercedes-Maybach нұсқасы SL 680 Monogram Series атауына ие болды. Оның негізі AMG SL 63 4MATIC + болды, ол 585 ат күші бар 4,0 л көлемді V-тәрізді "сегіздікті" және төрт дөңгелекті жетекті сақтап қалды. Бірақ беріліс қорабы 9-сатылы "автоматқа" ауыстырылды.

Сондай-ақ инженерлер аспасы мен газ шығару жүйесін қайта теңшеді. Нәтижесінде "жүзге" дейін екпіндеу уақыты 0,5 сек (4,1 сек) өсті, ал ең жоғарғы жылдамдық 315 км/сағ орнына 260 км/сағ белгісімен шектелді.

Сыртқы көрінісі бойынша SL680 Monogram Series кәдімгі AMG-ден Mercedes-Maybach-ке тән тормен, екі нұсқадағы дизайндағы 21 дюймдік дөңгелектермен, хромның көптігімен және марка шильдиктердің ерекшеленеді. Тапсырыс беру үшін екі түсі қолжетімді – қызыл-қара және ақ-қара (қалғандары- қосымша ақыға).

Салоны ақ былғарыдан және хромнан жасалған және екі адамға арналған, ал артқы қатардың орнына жүк салғышқа арналған қосымша бөлігі бар. Бұған қоса рулі басқаша, болат басқыштары мен табалдырықтарға арналған қаптамалар, аспаптар мен мультимедиа жүйелерінің экрандарындағы өзгертілген графика бар.

Mercedes-Maybach SL 680 Monogram Series сатылымының басталуы келесі жылдың көктеміне жоспарланған. Кабриолеттің құны әлі жарияланған жоқ. Алайда бізде оның пайда болу ықтималдығы өте жоғары.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2152677-avtodaidzhest-28-shilde-aiyndagy-avtosatylymdardyng-natizheleri-maybach-tan-rodster-zhane-basqa-zhangalyqtar/