Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салық және жалпыға ортақ декларациялау: Kaspi.kz ШОБ-ке арналған семинарларды қолдайды

Жарияланған күні:

Сарапшы кеңесі
Фото: Николай Судаков

Қазақстанның ең инновациялық Kaspi.kz компаниясының қолдауымен салық жөніндегі сарапшы Екатерина Ким ШОБ үшін тренинг өткізді. Қатысушылар жалпыға бірдей декларациялау, салық салу және камералдық бақылау мәселелерін талқылады.

Эльминур Джанбакиева 9 жылдан бері бухгалтер болып жұмыс істейді. Сарапшылар өткізген тренингтер салық кодексіндегі өзгерістерден хабардар болуға көмектесетінін айтады.

Эльминур Джанбакиева
Эльминур Джанбакиева. Фото: Николай Судаков

"Мен жалпыға бірдей декларацияға қатысты сұрақтармен келіп, толық жауап алдым. Ал басқа қатысушылардың қосымша сұрақтарына берілген жауаптар мен үшін жаңалық болды. Кездесу өте нәтижелі болды, осындай шеберлік сабақтары көп болса екен", - дейді Елминұр.

Шеберлік дәрісінде қойылған сұрақтар негізінен жалпыға бірдей декларациялау және камералдық бақылауға қатысты болды.

"15 қыркүйек — декларация тапсырудың соңғы күні. 3-кезеңге кіретін тұлғалар декларация тапсыруы керек. Осыған байланысты, біз барлық азаматтарды соңғы сәтті күтпей, декларацияларды алдын ала тапсыруға шақырамыз. Қалған азаматтардың да уақтылы тапсыратынына үміттенеміз", - дейді Алматы Мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Дәурен Ерғалиев.

Дәурен Ерғалиев
Дәурен Ерғалиев. Фото: Николай Судаков

Instagram-да Nalogialmaty паблигінің авторы Екатерина Кимге 1,6 миллион адам жазылған. Сарапшы ШОБ үшін тренингтерді Қазақстанның түкпір-түкпірінде өткізуді жоспарлап отыр. Қай қалада өтетіні, күні мен уақыты туралы ақпаратты парақшасында жариялайды.

Екатерина Ким
Екатерина Ким. Фото: Николай Судаков

"Kaspi.kz қолдауымен ШОБ үшін тренингтер өткіземіз. Бұл – Қазақстан бойынша ауқымды іс-шара. Салық төлеушілер Қазақстандағы салық бойынша ең үздік сарапшылардан тегін кеңес ала алады. Мұндай іс-шаралар адамдар үшін, халық үшін, бизнес үшін өте пайдалы, өйткені жалпыға бірдей декларациялау мен салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтарға жауап алуға көмектеседі", - деп түсіндіреді Екатерина Ким.

Сарапшы кеңесі
Фото: Николай Судаков

Бұған дейін ШОБ-ке арналған оқу, бизнес-кездесулері Kaspi.kz қолдауымен Алматы, Шымкент, Талдықорған, Қонаев және Қарағанды қалаларында өткізілді. Ал Астанада ең ірі Салық Форумы өтті. Оған оффлайн мың адам, онлайн 2,5 мың адам, сондай-ақ Қаржы министрлігінің, МКК және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Kaspi Pay бизнеске арналған суперқосымшасын 700 мың қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay қосымшасы арқылы отандық кәсіпкерлер бизнесін дамыту үшін қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнама науқандарын бастайды, салық төлейді, "Kaspi Магазин" және "Kaspi Жеткізу" қызметтеріне қосылып, тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

*Банк қызметі Қазақстан Республикасында лицензияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2154900-salyq-zhane-zhalpyga-ortaq-deklaratsiialau-kaspi-kz-shob-ke-arnalgan-seminarlardy-qoldaidy/