Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Freedom Bank білім беру гранттарына 1 млрд теңге бөлді

Жарияланған күні:

SDU University-де Freedom Bank грант иегерлерімен кездесу
SDU University-де Freedom Grants грант иегерлерімен кездесу. Фото: Freedom Bank

Freedom Bank Қазақстан өңірлеріндегі талапкерлер үшін 340-қа жуық білім грантын ұсынды. Freedom Grants әлеуметтік жобасы еліміздің 15 қаласында іске қосылып, 22 жоғары оқу орнын қамтыды. Барлық оқу кезеңіне арналған гранттардың жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгені құрайды.

Жобаға ауылдық және қалалық мектептердің түлектері қатысты. Қыркүйектен бастап Freedom Bank гранттарының барлық иегерлері жоғары оқу орындарына сәтті қабылданып, сабақтарға кірісті.

Ақтөбе қаласында Freedom Grants сертификаттарын тапсыру
Ақтөбе қаласында Freedom Grants сертификаттарын тапсыру. Фото: Freedom Bank

Жобаның басым бағыттары ақпараттық және цифрлық технологиялар, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, педагогика және т.б. салалардағы өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар болды. Білім беру жобасының мақсаты – дарынды талапкерлерге өз білімі мен болашағын туған қаласында жоспарлауға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.

Freedom Grants-қа Атырау, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Қостанай, Орал, Павлодар, Тараз және Қаскелең қалалары қатысты.

Шымкент қаласында Freedom Grants сертификаттарын тапсыру
Шымкент қаласында Freedom Grants сертификаттарын тапсыру. Фото: Freedom Bank

Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі

"Freedom холдингінде акционер – Тимур Турловтың өзі және қызметкерлер еліміз үшін және өскелең ұрпақ үшін көптеген игіліктер әкелетін біраз әлеуметтік жобаларға белсенді қатысады. Freedom Bank сонымен қатар әлеуметтік маңызды және мағыналы жобаны жүзеге асырды. Ел өңірлерінде талапкерлерге білім беру гранттарын бөлу туралы шешім қабылданды. Біздің әріптестеріміз республикадағы барлық ірі университеттерді қосу бойынша үлкен жұмыс атқарды, біз маңызды және қажетті мамандықтарды қамтуға тырыстық. Бұл ретте шығармашылық тапсырмамен және ҰБТ-дағы белгілі бір өту балымен шектеліп, жобаға қатысуды барынша жеңілдеттік. Freedom Grants жобасының көмегімен біз талапкерлерге тегін оқу мүмкіндігін беру арқылы оларға қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Бұл бастама "Freedom Шапағат" корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырылды. Біздің жоспарымызда оқытушылар мен оқушылардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар білім беру жобаларын іске қосу бар".

*25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2159499-freedom-bank-bilim-beru-granttaryna-1-mlrd-tengge-boldi/