Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банк банкротқа ұшыраса, салымшыларға депозиттегі ақшаны кім қайтарады

Жарияланған күні:

Тиын санап отырған адам
Ақша. Көрнекі сурет: freepik.com

Қазақстанда банк банкротқа ұшырап, жабылып қалса да, олар депозиті барларға ақшасын қайтаруы керек. Бұл үшін қаражат Депозиттерге кепілдік беру қорынан алынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазір Қазақстандағы банктер – сенімді, әрі тұрақты. Дегенмен болашақта не боларын болжау қиын. Банк өз міндеттемелерін орындай алмаса, яғни қаражаты жеткіліксіз болса, ұйым таратылады. Осы кезде банктің мүлкі сатылып, түскен қаражат қарыздарды жабуға кетеді. Мұндай жағдайда банктің мүлкі барлық салымшыға ақшаны қайтаруға жетпеуі мүмкін.

Дегенмен ақша жинап жүрсеңіз, алаңдаудың қажеті жоқ. Өйткені жинақтар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) арқылы қорғалған. Бұл дегеніміз, банк банкротқа ұшыраса да, салымшыларға ақшасы қайтарылады.

Қор резерві ақшаның сақталуына кепілдік беруі үшін жасалған. Әр банк депозиттерге кепілдік беру жүйесінде болуға міндетті, әрі қор ақшасы банктердің жарналарынан жиналады.

"Қазіргі жүйемен банкрот болуды алдын ала бағалап, арнайы резервті қалыптастыру үшін маңызды болжам жасап, терең талдау жасай аламыз.

Бұл жүйе депозиттерге кепілдік беру үшін банктер төлейтін жарналарды әділ және объективті түрде анықтауға, сондай-ақ банктерге де тиімді төлем жүйесін құруға мүмкіндік береді", - дейді қор өкілдері.

Қазір арнайы резервте шамамен 1,3 трлн теңге бар. Демек, елде бірнеше ірі банк бірден банкротқа ұшыраса да, қордың қаражаты жетеді.

Кепілдік өтемақы әр депозит үшін әртүрлі:

  • теңгемен жиналған депозиттер бойынша – 20 млн теңге;
  • карта, шоттар және басқа теңгелік депозиттер бойынша – 10 млн теңге;
  • карта, шоттар және шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңге (банктің лицензиясынан айырылған күннің бағамы бойынша).
Егер салымшының әртүрлі депозиті болса да, төлемнің жалпы мөлшері барлық шектеулерді ескере отырып, 20 млн теңгеден аспайды.

Осындай қауіптердің алдын алу үшін қаражатты әртүрлі банктерде сақтаған жөн. Сол кезде кепілдік барлық салымдар мен шоттарға таралып, күтпеген жағдай бола қалса қаражат қайтарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2159961-bank-bankrotqa-ushyrasa-salymshylarga-depozittegi-aqshany-kim-qaitarady/