Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 10 жылдан аса қолданыста болған көліктердің салық сомасы төмендетіледі

Жарияланған күні:

Көлік тізгінінде әйел
Көлік тізгінінде әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 10 жылдан аса қолданыста болған көліктердің салық сомасы төмендетіледі. Бұл туралы жаңа Салық кодексінде айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа кодексте қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30 пайызға, 20 жылдан асқан автомобильдер үшін 50 пайызға төмендетілетіні айтылған.

Сондай-ақ жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма көзделген.

Кодексте "Сән-салтанат" заттарына жоғары салық салу жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін мыналар ұсынылған:

  • жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі;
  • кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу;
  • қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу.

Айта кетейік, мемлекет басшысы биылғы Жолдауында салық жүйесін реформалау жөнінде тапсырмалар берген. Сондай-ақ Салық кодексінің ең түйткілді тұсы ретінде салықтық әкімшілендіруді толық жаңарту қажеттігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2162467-qazaqstanda-shyqqanyna-10-zhyldan-asqan-kolikterding-salyq-somasy-tomendetiledi/