Қазақстанда құқық бұзғандарды видеоға түсірген куәгерлер ақшалай сыйақы алуы мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русскомІшкі істер министрлігі құқық бұзғандарды дер кезінде видео түсірген азаматтарды марапаттауды жоспарлап отыр. Оларға төленетін сыйақы қайдан алынады немесе қарастырылған жеңілдік кімнің есебінен іске асырылатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
ІІМ "Ашық НҚА" порталында "Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы" заң жобасын әзірлеп, жариялады. Заң жобасы аясында азаматтарға "қоғамдық көмекші" болуға және тәртіпті сақтауға қатысуға мүмкіндік беру жоспарланған.
Жобада құқықбұзушылықтың алдын алып, жолын кесіп немесе бейнежазбаға түсірген әлеуметтік жауапкершілігі бар азаматтарды ынталандыру да қарастырылған.
"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы бейнежазбаны уәкілетті органдарға жіберген азаматтар құқық бұзушыдан өндірілген айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен марапатталады немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеңілдіктер (қоғамдық көлікте тегін жүру, тегін автотұраққа немесе басқа жеңілдіктер) қарастырылады", - делінген заң жобасында.
Сыйақы мөлшерін арнайы комиссия белгілейді. Егер бір бұзушылықты бірнеше адам хабарласа, бірінші ақпарат берген адамға сыйақы тағайындалады.
Мәселен, Қазақстан тұрғыны жол қозғалысы ережесінің бұзылуына куә болса, заңбұзушылықты видеоға түсіріп, жазбаны құқық қорғау органдарына тапсырса, сыйақы алуы мүмкін.
Заң жобасы қоғамдық талқылау 10 қазанға дейін жалғасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2162763-qazaqstanda-quqyq-buzgandardy-videoga-tusirgen-kuagerler-aqshalai-syiaqy-aluy-mumkin/