Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің бағасы қалай өзгереді

Жарияланған күні:

теміржол вокзалы
Теміржол вокзалындағы жолаушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда экономикалық жағдайға байланысты 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің тарифі көтеріледі. Билеттердің құны қанша болатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, теміржол жолаушылары тасымалының жол ақысы 20 пайызға көтеріледі.

"Кондиционері жоқ вагондарда 20 пайызға дейін жеңілдік беріледі. Жаңа тарифтер 2024 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді, ал билеттер пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда қолжетімді болады", - делінген хабарламада.

"Тальго" пойызына билет сатып алуды жоспарлаған жолаушылар үшін баға 19 493 теңгеден басталады. Стандартты пойыздарда купе бағасы 19 653 теңге, ал плацкарт 12 871 теңге болады. Қала маңы бағыттарында пойыз билеттерінің құны 6 314 теңге тұрады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы көрсетілген ақпаратты ескеруді және жаңа тарифтермен компанияның веб-сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан білуді ұсынады.

Айта кетейік, бұған дейін Көлік министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20 пайызға қымбаттайтынын хабарлаған болатын.

"Елімізде 140 жолаушы тасымалы бағыты жұмыс істейді, тарифтердің көтерілуі оның 62-сіне әсер етеді. Бұл вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет.

Сондай-ақ соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасының өспегенін (инфляция деңгейіне индексацияны қоспағанда) ескеру қажет", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2165919-qazaqstanda-1-qazannan-bastap-poiyz-biletterining-bagasy-qalai-ozgeredi/