Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қарттар күніне орай 107 мыңнан астам адамға біржолғы төлем беріледі

Жарияланған күні:

Серуендеп отырған қарттар. Көрнекі сурет
Серуендеп отырған қарттар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанада қарттар күніне орай 107 мыңнан астам елордалық азаматқа 9 230 теңгенің біржолғы ақшалай төлемі беріледі. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Астана мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және Астана мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес әлеуметтік көмек пен тегін қызметтердің бірқатар түрлері көзделген – қарттар күніне (1 қазан) жалпы сомасы 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемдер 989,2 млн теңге қарастырылған", - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл төлеммен Астананың 107 мыңнан астам қарт азаматын қамту жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2166504-astanada-qarttar-kunine-orai-107-myngnan-astam-adamga-birzholgy-tolem-beriledi/