Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Наурыз" және "Отау" бағдарламаларының іріктеуінен өткендердің тізімі шықты

Жарияланған күні:

Ойыншық үй мен кілт
Ойыншық үй мен кілт. Көрнекі фото: pixabay.com

"Наурыз" және "Отау" бағдарламалары бойынша іріктеуден 9000 адам сәтті өткен. "Отбасы банк" өкілдері іріктеуден өткендерді 2024 жылғы 3 қазаннан 18 қазанға дейін төлем қабілеттілігін растауға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Отбасы банктің" Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

"Отбасы банк" аталған бағдарлама бойынша іріктеуден өткерлер тізімін ресми сайтында жариялады.

"Егер өткен болсаңыз: 2024 жылдың 3 қазанынан 18 қазанына дейін сізді кез келген банк бөлімшесіне немесе онлайн, ал 7 қазаннан бастап кеңес беру орталықтарына төлем қабілеттілігін растау үшін шақырамыз", - делінген хабарламада.

"Отбасы банк" мәліметінше, несие өтінімін тапсырғаннан кейінгі келесі қадам — тұрғын үйді таңдау және пәтерді рәсімдеуге болады. 3 қазаннан 29 қарашаға дейін Baspana Market порталынан қолайлы тұрғын үйді таңдап, несие рәсімдей алады. Сондай-ақ бір несие шеңберінде жөндеу жұмыстарына да қаражат алуға болатынын еске салды.

"Бағдарлама 7 жылға жоспарланған. Депозитіңізді жүйелі түрде толықтырып отырыңыз, және 2025 жылдың басында қатысуға тағы бір мүмкіндігіңіз болады! Біз "Отау" мен "Наурыз" бағдарламаларына қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз", - деді банк өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2168667-nauryz-zhane-otau-bagdarlamalary-boiynsha-irikteuden-otkenderding-natizhesi-shyqty/