Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар Қазақстанда салық жеңілдіктері жойылса, тұрғын үй бағасы өсуі мүмкін екенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша және құрылыс
Тұрғын үй құрылысы және ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда салық жеңілдіктердін жою жоспарына байланысты эконом-класс санатындағы үйлердің құны көтерілуі мүмкін. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Қосылған құн салығы (ҚҚС) негізгі салықтардың бірі болып саналады, ол ел бюджетіне түсетін барлық ақшалай түсімдердің шамамен 25-30 пайызына тең. Тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде 12 пайыз мөлшерлеме алынады.

Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков KLF 2024 14-форумында сөйлеген сөзінде енді пәтер сатып алу кезінде бұл салықты ұстау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

"Алдағы уақытта баспана құны өсуі мүмкін, өйткені Ұлттық экономика министрлігі азаматтарға тұрғын үй сатып алу кезіндегі ҚҚС жеңілдіктерін алып тастау туралы шешім шығарды", - деді сарапшы.

Баспана бағасы неліктен өседі

Сарапшының айтуынша, мұндай шешім қабылданатын болса, онда қазақстандықтар да баспана сатып алғанда ҚҚС төлейтін болады. Сонымен қатар бұл өзгеріс нарықтың ең қолжетімді сегментіне әсер етеді.

"Бұл эконом санаттағы және стандартты тұрғын үйге әсер етеді. Премиум және бизнес-класс объектілеріне әсер етпейді, өйткені бұл санаттағы құрылыс салушылар бұл мәселелерді қосымша түсіммен өтейді.

Ал эконом санаттағы шекті баға қойылған. Яғни бұл объектілерден түсетін маржа минималды. Сондықтан олар (құрылыс салушылар – ред. ескертпесі) бағаны көтеруге мәжбүр болады", - деді сарапшы.

Алайда бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексін сапалы дайындау үшін оны қабылдауды бір жылға шегеруді ұсынған болатын. Сондықтан мұндай өзгерістердің қашан енетіні әзірге белгісіз.

Қосымша құн салығы неге ұсталады

Салық жеңілдіктерін жоюдың басты себебі – ел бюджетін толықтыру қажеттілігі.

Мамандар кірістер мемлекеттің басқару аппаратына, әлеуметтік бағдарламаларға, бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге және т.б. шығындарын жабуға жеткіліксіз дейді.

Нәтижесінде тапшылықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жабуға тура келеді.

Бұған дейін Telegram-дағы Finance.kz арнасының сарапшылары қазіргі жағдайда қазақстандық салық жүйесін реформалау қажет екенін атап өткен болатын: онда салық жүйесін оңайлата отырып, бірақ бюджетке төленетін төлемдерді де есепке алынуы керек делінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2169076-sarapshylar-qazaqstanda-salyq-zhengildikteri-zhoiylsa-turgyn-ui-bagasy-osui-mumkin-ekenin-aitty/