Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұйытылған мұнай газ экспортына тағы жарты жылға шектеу қойылды

Жарияланған күні:

Сұйытылған газ
Көрнекі фото: Cezaro De Luca/Europa Press/Getty Images

Энергетика министрлігі 2024 жылғы 2 мамырда сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салған болатын. Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газ тапшылығын шешу мақсатында жасалған шектеу тағы жарты жылға ұзармақ. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталына жарияланған. Құжатты бекіткен жағдайда жаңа тыйым 2024 жылғы 14 қарашадан бастап күшіне енеді.

Бұл шектеу мына шараларға қолданылмайды:

Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Салық Кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие ҚР Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылар әкеткенде;

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген немесе қайта өңделген тауарларды әкетуге;

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде басталып, сол жерде аяқталатын тасымалданатын транзиттік тасымалдарға.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2172133-suiytylgan-munai-gaz-eksportyna-tagy-zharty-zhylga-shekteu-qoiyldy/