jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандағы валюта айырбастау орындарында доллар 493 теңгеге дейін қымбаттады

    Әмиян және ақша
    Әмиян және ақша. Көрнекі сурет: athima tongloom/Getty Images

    Бүгін Қазақстан қор биржасында күндізгі сауда барысында доллардың тағы да қымбаттауы байқалды. Доллар 3 теңгеге жуық қымбаттады, деп хабарлайды KASE-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,90 теңгеге көтеріліп, 487,42 теңге болды.

    NUR.KZ сайтындағы айырбастау бағамы мәліметіне сәйкес, қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды сатып алу-сату келесі бағам бойынша жүзеге асырылады:

    • Астанада: сатып алу – 485,1-485,5 теңге, сату – 489,5-490,6 теңге;
    • Алматыда: сатып алу – 485,1-487,5 теңге, сату – 489,5-490,6 теңге.

    Сонымен қатар, Kurs.kz сайтында Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды мына бағамен сатып алуға және сатуға болады:

    • Алматыда: сатып алу – 487,5-489 теңге, сату – 489-493 теңге;
    • Астанада: сатып алу – 485-486 теңге, сату – 490-491 теңге.

    Айта кетейік, өткен аптада доллар бағасының өсуі байқалды. Бірнеше күн бойы доллардың қымбаттауы биржада да, айырбастау пункттерінде де қымбаттады. Ең жоғарғы шарықтау кезінде оның құны бір долллар үшін 495 теңгеге жетті.

    Қазақстандағы валюта айырбастау орындарында доллар 493 теңгеге дейін қымбаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.